Қ.Қуанышбаев театрының қызықты қойылымдарын жібермей, сыныппен жақсы көріп тамашалаймыз. Көптеген танымал драма, трагедия, комедиялардын көрермені болдық. Әр қойылымнан ерекше әсер алып, жақсы көңіл күймен шығамыз. Әрине, осы үшін Қаллеки театрының актерлері мен театр жұмысшыларына алғысымыз зор! Қаллеки театрына көптеген танымал, өнерлі кісілер келеді. Солардың ішінде "Жайдарман" әзілкештер мен тапқырлар сайысының ойыншысы Нұрболхан Шарапов ағамызбен көрістік және театрдың құрметті тұлғасы, режиссер, сценарист Қанат Жүнісов атты атамызбен суретке түсу бұйырды. Ал, бұл жолы бізге үлкен тосын сый болып, Асанәлі Әшімов атамыз бізбен "Махаббат сиқыры" комедиясын тамашалауға келіпті. Және біздің сыныпты тәртіпті сынып ретінде алдынғы қатарға отырғызды. Қазақ киносының атасы, танымал актер, режиссер Асанәлі Әшімовтың қолын алып, суретке түсу біз үшін үлкен мәртебе. Осы атамыздай танымал, құрметті кісі болуды біз де армандаймыз. Кетерінде бізге "Сабақтарынды жақсы оқыңдар, балалар!" деп кеткеннен кейін, сабаққа құлшынысымыз артты. Өйткені мұндай елдің зор құрметіне бөленген, әлемге танылған атамыздан бата алып, суретке түсу екінің біріне беріле беретін мүмкіндік емес. Сондықтан, қуанышымызда шек жоқ. Қойылымның актерлері де керемет ойнап шығып, бәрімізге күлкі сыйлады. Әлі талай қойылымдарды тамашалауға келеміз деп ойлаймын.

Ұланбасын сайлау мерекесі

31.10.14 Жоғары сынып оқушылары лицей Ұланбасына үміткерлермен пресс-коференция өткізді. Конференция барысында оқушылар президенттікке үміткерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,өз ойларымен бөлісіті.Конференцияға қатысқан ұстаздар балаларға ақы-кеңестерін беріп,жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

Алтын ұя мектебімізде 5-10 сыныптар арасында «Күз ханзадасы мен күз ханшайымы 2014 » байқауы өтті. Бұл- біздің мектебіміздің «Күз» мерекесі аясында өткізген сәтті бір күні.

1 қарашада оқушылар сарайында «Күзгі марафон» кеші өтті.

2014 жылдың 30 қыркүйегінде 5-қазақ сыныптары бойынша «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу барысы» атты психология-педагогикалық консилиум өтті. Консилиумге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Залетаева А. Нурекенова А. А. («Кембридж» курсының І деңгейін бітірген), бастауыш сынып мұғалімдері: Маханова Б. Д., Турабекова М. Б., педагог-психолог Шонаева Б. С., және 5-сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері қатысты. Консилиум барысында бастауыш сынып жетекшілері жеке-жеке сыныпқа мінездеме бере отырып, сыныптағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталды. 5-сынып жетекшілері сыныптың бүнгі күнгі ахуалына тоқтала отырып, өзгерістер мен жетістіктерін атап өтсе, пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысына және сынып ұжымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Консилиум үшін ең маңыздысы Нүрекенова Алма Абдуахитқызының «Сынып жетекшісі оқушы көзімен», «Сабақ оқушы көзімен», «Пән мұғалімі оқушы көзімен» атты сауалнамалары болды. Әр сауалнаманың қорытындысын талдау барысында оқушылардың жалпы мектептегі оқуға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне деген көз қарастарын, пікірлерін аңғаруға болды. Сонымен қатар мектеп психологі Шонаева Баян Серікқызы бесінші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі кезіндегі алаңдаушылық деңгейлерінің диагностикасы мен оқуға деген мотивациясының деңгейлері зерттеулерінің қорытындысымен таныстыра отырып, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасау кезінде ескерулері қажет шарттарды атап өтті.

Консилиум соңында қатысушылар 5-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу барысында кездесіп жатқан мәселелермен жұмысты нақты бағыттармен жалғастыру жөнініде шешім қабылдады.

2014 жылдың 31 қазанында алтын күздің әдемі шағында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Күзгі бал» мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауға 9-10 сынып оқушылары төмендегі бөлімдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Тамаша жыл мезгілінің бірі күзде келіп жетті. Әр жыл мезгілі өз табиғатымен ерекшеленеді. Біздің мектебімізде жылдағы дәстүрімізге сай 5 сыныптар арасында «Күзгі балл» кеші болып өтті. Сайысқа 7 топ қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды. Олар: 1 тур – Өнер сайысы, 2 тур – Күзгі сән үлгісі, 3 тур – Табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі. Сайыс барысында тамаша дайындығымен, әсерлі өнерімен, ғажап шеберлігімен топ жарып, оқтай озып шықан топтар жүлделі орындарға ие болды. 5«А» - 1 орын, 5«Б» - 2 орын, 5«В» - 3 орын. «Күзгі балл» кеші өз деңгейінде өтті. Бәрінің көңілінен шықты. Келесі күзді асыға күтеміз.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының Ішкі Істер Департаментінде 30-31- қазан аралығында «Мен және менің полициям» атты республикалық акция өтіп жатыр. Атаулы акцияға Астана қаласының Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясының инспекторы полиция капитаны Ыдырышканова М.К., әлеуметтік педагог Нүрсейітова А.К. және бастауыш сынып мұғалімі Дильмагамбетова Ж.К. жетекшілігімен 2 «Ә» сынып оқушылары Сарыарқа аудандық Ішкі Әстер Департаментіндегі музейге барды. Мектеп оқушылары полиция тарихынан толық ақпараттар алды
30 қазан күні 2г сынып оқушылары Астана қаласының ІІД мұражайында экскурсияда болды.
29 қазан күні 5 сынып оқушылары Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Академиялық театрында болды. «Арыстанның қорқынышы» ертегі.
8-9 сынып оқушылары үшін 29 қазан күні «Кәмелетке толмағандардың құқығы және міндеттері» атты дөңгелек үстел өтті.

2014-2015 оқу жылы қазан айында бастауыш сынып бірлестігі бойынша апталық басталып кетті.

Апталықтың тақырыбы:Білімді ұрпақ-келешек негізі.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны