15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай, «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында 7 «Ә» сыныбында ашық тәрбие сағаты болып өтті.

2014 – 2015 оқу жылы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатты іс – шара болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің үздік оқушылары, аудандық, қалалық жарыстарда, сайыстарда, олимпиадаларда мектебіміздің намысын абыроймен қорғап жүрген оқушыларды қабылдадық. «Жас Ұлан» ұйымына мектеп бойынша 73 оқушы қабылдадық.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

15 желтоқсан 2014 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік-Тәңірдің сыйы» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы мектептің педагогтік Кеңесінде талқыланды.

Мектептің мәжіліс залында 5 сынып оқушыларының қатысуымен еліміздің тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздік туралы, Отан туралы, қазақ елі туралы өлеңдер оқып, ән салып, күй де тартты. Әсіресе көрермендерді тәнті қылғаны Абдығалым Мерей, Уринбасаров Зиябек, Алдияров Бекболат, Хусаинов Айсұлтан, Сейтмұрат Нұрдаулет, Каирбеков Аландардың қатысуымен жасалған «Қазыбек би мен Қоңтажы» атты көрініс болды. Сонымен қатар Құтбаханова Назым, Баймағанбетова Ұлданай, Ақмырзаева Аружан, Тыныштыбек Әліби өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.

Құрметті, асылтекті Алаштың мәңгі жасар ұрпағы! Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз -Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын. Қазақ елі мәңгілік жасасай берсін!

Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- ұлы мерекесімен құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! Аудандық пән олимпиада қорытындысы:

*Барлық жүлдегерлер қысқы сессиядан босатылды.
Алматы қаласында 11-13 желтоқсан күндері өткен Республикалық инновациялық - педагогикалық идеялар фестиваліне №74 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Аманова Алия Асаубаевна қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Еңбегіңізге шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!
«Жыр менің жалғыз тарланым, аялап өтер ардағым!» атты Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісінің» иегері, «Парасат» ордені, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы,
13 желтоқсан күні 8-11 сыныптарда Тәуелсіздік күніне орай сынып сағаттары өтті.
12 желтоқсан күні №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сынып оқушылары арасында салтанатты сап түзеу өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны