Бүгін Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесін атап өту аясында 4 «В»сынып оқушыларымен «Ер есімі-ел есінде» тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.

"Зерде сарбаздары" командасы жетекшісі Рахимова Гульнар Мизимбаевна

І орын иеленді

7 сәуір күні №65 мектеп-гимназиясында «Өлеңмен қайта өрілді Мағжан ақын» атты аудандық Мағжан оқулары болып өтті.

06.04.2015 жылы №3 мектеп-гимназиясында English theatre festival атты қалалық Театрланған қойылымдар фестивалі өткізілді. 1-4 сынып оқушылары арасында. 4ә сынып оқушылары фестивальге қатысқаны үшін сертификат алды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты 2004-2005 жылғы туылған жасөспірімдерге арналған дзюдо күресі болып өтті. 4 "А" сынып оқушысы Балтабаев Айдос спорттың бір түрі дзюдо күресінен 26 кг салмақ категориясы бойынша II орынға ие болды. Және де 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында " Мақсат" спорт кешенінің ашық біріншілігінде 26 келі салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін арайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Құттықтаймыз!!!
№3 мектеп-гимназиясы оқушылары «Өңірлік мозаика» қалалық байқауында 2 орын иеленді. Құттықтаймыз!!!

Халықаралық PISA зерттеуіне мектептен он бес жастағы отыз бес оқушы қатысты

04 сәуірде №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 8 сынып оқушылары үшін В.Вернадский экологиялық қорының өкілдері «Параллели Вернадского» атты дәріс оқыды.
№3 мектеп-гимназиясының 3 е сынып оқушысы Байжанов Алихан таеквон-додан өткен қалалық турнирде 3 орын иеленді. Құттықтаймыз!
№38 мектеп-лицейінде 6 сәуір күні Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Туберкулез ауруынан өзімізді сақтайық» және «Дұрыс тамақтану» тақырыбында 6 сынып оқушыларына дәріс сабағы өткізілді. Дәрісті өткізуші Онкология орталығының мамандары тақырып аясында біршама кеңестер, мағлұматтар, аурудың алдын алу жолдары, ұсыныстар жайлы толық ақпараттар айтты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны