Жыл сайын атаулы мерекеде мектеп оқушылары Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері, киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын өздерінің әр ұлттың әсем билері арқылы көрсетіп тойлайды.
1 Мамыр мерекесі қарсаңында мектебімізде 10 сыныптардың ұйымдастыруымен «Қазақ халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен қоғамдық бірліктің іргетасы» тақырыбында кездесу болып өтті.
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Сапта жүру және ән айту» байқауы болып өтті. Байқау мақсаты «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында әскерге дейінгі дайындық сапасын көтеру, әскери сымбаттылыққа және әскери әдептілікпен тәртіпке тәрбиелеу.

Мектебімізде қазақтың тұңғыш демократ- ғалымы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған«Қазақ көгіндегі Аққан жұлдыз » атты кеш өтті.

«Елім деп соққан жүрегім» бірінші қалалық патриоттық әндер байқауында Тұрсынхан Нұрай ІІ орын дипломымен марапатталса, Дауренбек Асылзат

30 сәуір күні қазақ 4 сыныптардың ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі мерекесіне орай «Бірлігі жарасқан біртұтас елміз» атты фестиваль өтті. Басты мақсат: Қазақстан Республикасы халықтарының достығы еліміздің бірлігі кепілдігі екендігін таныту.Оқушыларды достыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет-ғұрпын сыйлау, шығармашылыққа жол ашу.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Ұлылардан ұлағат" атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына 4 "Ә" сынып оқушысы Мақсұтов Ернар қатысып, Қобыланды батыр жырын жатқа әрі мәнерлеп айтқаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай сәуірдің 25 жұлдызында біз Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Альханова Күнсулу апайдың үйінде болдық. Ол кісіге гүл шоқтарын және сыйлық сыйлап, Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Сағын Бекболдың ұйғаруымен біздің мектебіміздің директоры Досмагамбетова Карлығаш Тортайқызы Күнсулу апайдың төсіне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған төсбелгісін тақты.
№3 мектеп-гимназиясының 2 в сынып оқушысы Абубакировау Диананы спорттық билер бойынша өткен ҚР Чемпионатында 2,3 және 5 орын иеленуімен құттықтаймыз!

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. 26 сәуір күні өткен сайлау қорытындысы бойынша қазіргі президентіміз 97.7% дауыспен жеңіске жеткен болатын. Бұл президенттің ширек ғасырдағы бесінші жеңісі.

Салтанатты ұлықтау рәсімі түскі сағат 11.00 басталды.

Сайлау орталығы комитетінің басшысы Қуандық Тұрғанқұлов президент куәлігін табыстаған соң, Н.Ә. Назарбаев кезекті рет ҚР Президенті атанды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны