Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.05.2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылар арасындағы қалалық ағылшын тілінде жазылған эссе байқауы

06.05.2015 ж. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  оқушылар арасындағы қалалық  ағылшын тілінде жазылған эссе байқауында 8а сынып оқушысы Қамбар Нұртілеу ІІ орын  жүлдегері атанды және 10000 тенгелік Сертификатпен марапатталды. Жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Бегежанова Р.И.

06.05.2015

«Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі»

Ұлы Отан соғысының  70 жылдық Жеңісіне арналған «Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі»  атты  қала көлемінде жоспарланған іс- шараға 9 «Б,Э», 11 сынып оқушылары қатысып, мереке жоғары деңгейде өтті. Тәрбие ісі бөлімінің орынбасары Кампитова С.А., сынып жетекшілері Шнайдер Е.А., Байманов Р.О.  дайындыққа аса назар аударды. Оқушылардың орындауында Ұлы Отан соғысына арналған әндер, жауынгерлердің ерлігін жырлаған өлеңдерді мақтан тұта айтты. Шунгужинов Арсен, Арман және Чебортарева Маргарита орындауында «Смуглянка» әнін қошеметпен қарсы алды. Р.Рождественскийдің  «Реквием» өлеңдерін 11 сынып оқушылары назарға ұсынды. 6 сынып оқушыларының орындауында «Матерям погибших героев» атты және «10-й наш десантный батальон» әндері  балалардың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал етті. Қазақстандық батырларға арналған «Егемен елім» атты әнді мектеп түлегі Нұрманов Сұлтанның орындауында тамашаладық. Мектебіміздің өзге ұлт оқушысы Лигай Кирилл мен Оспанова Сауленің орындауында «Темная ночь » атты әнді, қазіргі заман талабына сай рэп түрінде айтып, балалардың назарын аударып алды. Қорытынды сөзді іс-шараға қатысқан ата-аналардың атынан    Семкова  Александраның  әжесі  мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға, оқушыларға осындай мерекелік іс-шараны дайындағандарына үлкен алғысын білдіріп, тілектерін айтты.

06.05.2015

Құттықтаймыз!

2015 жылдың 3 мамырында Ресей федерациясы Мәскеу қаласында «Мәскеу және жобалау» атты ІХ халықаралық ғылыми жобалар сайысы өтті.  Аталған сайысқа Астана қаласынан 44 оқушы қатысты.  Білім додасында осы оқушыларымыздың ішінен топ жарған оқушыларымыздың бірі, мектебімізде спортта да, оқуда да алда жүрген 11-сынып оқушысы

06.05.2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында

5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында Ғ.Қайырбеков атындағы  мектеп-гимназиясында біріңғай сынып сағаттары өтті.
Әр сынып өз дайындықтарын көрсете білді. Соның ішінде көлемді және сапалы өткен сабақтарға тоқталып өтсек, 11 «А» сыныптың  жетекшісі Туғамбаева Қ.М. өзінің Отан соғысына қатысқан  әкесінің ерлігі туралы айтып, соғыс кезіндегі суреттерін көрсетіп, биылғы түлектерге жүректерін қозғайтын, есте қалатын, деректі әңгімелер айтылды.
11 «В» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар туралы  көп мағлұмат жинап оны қызықты әңгіме ретінде айтып өтті. Сынып жетекшісі Евстратова Т.В. оқушылардың тақырыптық сынып сағатына дайындалуына көп назар аударылған.
2 «Ә» сыныбының  жетекшісі Дильмағанбетова Ж.К. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты көлемді мәліметтерді оқушылар арасында тиімді пайдалана білді. Сабағы өте сапалы түрде өтті.
10 «А» сыныбы оқушыларының дайындығына сынып жетекшісі Зияданова Ү.Б. аса назар аударған. Сабақ барысында Ұлы Отан үшін ерлік жасаған жауынгерлерді еске алу 1 минуттық  сәтін ескерді.
8 «А,Ә,Б», 10 «Ә» сынып оқушылары кино, слайд-презентация материалдарын әр сыныпта өздері дайындап көрді. Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін түсініп, соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерлігін, сол кезеңдегі ел басына түске қиыншылықты бір адамдай  көтеріп, өткенге тағзым етті.

05.05.2015

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда 120 этнос пен 17 діни конфессия өкілдері тату тіршілік кешуде. Бұл мерекені тойлауда мектеп оқушылары да шет қалмады. Дәстүр бойынша Қазақстанды мекендеген ұлттар мерекесін өткізді. Әр сынып белгілі бір ұлтты таңдап, оның ұлттық киімі, тағамымен таныстырып, өнерін көрсетті. Сахнада қазақ, өзбек, орыс, тәжік, кәріс, түрік, т.б. өзге де ұлт өкілдерінің әндері айтылып, билері биленді. Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып, ынтымағын жарастыратын айтулы күнді атап өтуде барлық оқушылар ат салысты.

Ерекше көзге түскен 7, 2, 3 сынып оқушылары дипломдармен марапатталды.

05.05.2015

Жеңіс жолы жаса мәңгі

6 "А" сынып жетекшісі Нысанбаева Сандигуль Жунсалиевна өз сыныбымен " Жеңіс жолы жаса мәңгі" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

05.05.2015

"Ұлы жеңіске 70 жыл" атты бірегей сабақ

05 сәуір аталған жоспарға сай барлық 1-10 сынып аралығында "Ұлы жеңіске 70 жыл" атты бірегей сынып сағаттары болып өтті. Әр сыныпта 9 мамыр жеңіс күніне орай әндер шырқалып, көріністер көрсетілді. Барлық мектеп оқушылары бірдей әскери киім үлгісінде келіп белсенді атсалысты.

05.05.2015

"Біз жастарға сенеміз" жас ұстаздар сайысы-2015

"Біз жастарға сенеміз" атты жас ұстаздар байқауы-2015 өз маманын таңдады. Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

05.05.2015

«ҮЗДІК ГИД-ЭКСКУРСОВОД- 2015» конкурсы

«Татулық-тағдыр сыйы» атты Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығына орай «ҮЗДІК ГИД-ЭКСКУРСОВОД- 2015» конкурсы «Атамекен» Қазақстан Картасы этно-мемориалдық кешенінде өтті. 1мамыр күні Қазақстан Картасы этно-мемориалдық кешенің биылғы жылғы ашылуы салтанаты, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған салтанатты жиында 9а-сынып оқушысы Құрақбаева Нұрай гид-экскурсия жүргізуші сертификатын иеленді, тарих-география пәнінің мұғалімі Шанбаева Айнұр Аралханқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"