Астана қаласы жалпы білім беретін оқу орындарының оқу тілі орыс тілінде жүретін оқушылар арасында қалалық Абай оқулары байқауы өтті. Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені - білген адамға айқын шындық. Биылғы Абайдың 170 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қалалық Абай, Шәкәрім оқулары байқауы №53 мектеп-лицейінде өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты: Оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл-қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп танытып отырады. Құшағын кең жайған дарқан қазағым десеңші…! Бүгін міне елімізде тұратын қаншама өзге ұлт өкілдері де осындай іс-шараларға өз үлестерін қосуда. Қалалық іс-шараға №53 мектеп-лицейінің оқушылары белсенділік танытып іс-шараны бастап берді 9«В сынып оқушысы» Қазыбеков Гафуржан Абай рөліндегі оқушы және 9 сынып оқушысы Молдабекова Айдана «Сегіз аяқ» әнімен келген қонақтарды өз өнерлерімен таң қалдырды. Байқауға қатысқан оқушылар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармаларын, қара сөздерін жатқа оқу, «Көңілім әнді ұғады» - Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы және «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» - Жас дарындар байқауы номинациялары бойынша байқауға қатысты.

№48 мектеп-лицейінің ұжымы - Ұлы Жеңістің 70-жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған білім беру қызметкерлерінің көркемөнерпаздар байқауында жүлделі ІІ орынды және халық шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады.

8 мамыр күні N 3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптары үшін Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт өткізілді. 8 а сынып оқушылары әскери әнге көрініс көрсетті. Мектепшілік би ансамблі "Тырналар" биімен баршаны баурап алды. Оқушылар назарына қазақстандық батырлар жайлы бейне сюжет үзінділері көрсетілді. Мерекелік концертті ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. 8 а және 8 г сынып жетекшілері мен оқушыларына. Қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Бұл күндері барлық шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Соның бірі Жеңіс мерекесінің қарсаңында №65 мектеп-гимназисында
5-сыныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара өтті. Оқушылар қолдарына «Біз ешкімге тимейміз, Тигенге бас имейміз!», «Бәрі де Жеңіс ұшін!», «Қазақ елі мәңгі жасасын!» т б ұрандар ұстап сап түзеді.
5 мамыр күні бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалива Бахыт Ұлы жеңістің 70 жылдығына «Ерлікке мың тағзым!» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
"Соғыстан қайтқан солдаттар" атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шара.

Астана қаласы №49 орта мектебінде 11 мамыр күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді.
12 мамыр күні "Орхидея" кәсіптік желілік қауымдастығына ПШО тренерлері Жанна Шимырбаева, Зухра Идришева және шетелдік өкіл Деон Лоу сертификатталған мұғалімдерге көмек көрсету мақсатымен келеді.
18 маусым күні 9-сынып бітірген оқушыларға 10-сыныпқа қабылдау емтиханы өтеді
Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебіне 2015-2016 оқу жылына 7-сыныпқа босаған, вакант орындарға құжаттар қабылданады. Құжаттар қабылдау 18-25 мамыр.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

05.05.2015 жылы №3 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушылары үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"