23.05.15 ж. Астана қаласының № 59 мектеп – лицейінде 5 - 7 сыныптар арасында «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді.

Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. 2014-2015 оқу жылы да аяқталып, келіп жетті. сыныптар бойынша 1-4, 5-8 сыныптар аралығында "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты кеш болып өтті. Үздік деп танылғандар марапатқа ие болды.

23 мамыр күні осыдан 10 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектептеріне кездесу кешіне келді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.

Мектебімізде мектеп жұлдыздарын марапаттау рәсімі өтті.
21 мамыр күні мектептегі "Туризим және экология" үйірмесінің мүшелерімен Қабанбай батыр бабамыздың кесенесіне 5 сынып оқушылары барып қайтты.
№3 мектеп-гимназиясының 3 «Ә» сынып оқушысы Ерсайнов Алмасты құттықтаймыз! Алмас «Біз-Астана гүліміз» қалалық байқауда «Астана-жұлдызы» номинациясында грамотамен марапатталды.

21 мамыр күні Астана қаласы бойынша барлық мектептің биылғы түлектерін «Нұр-Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани кездесуге қатысып, мектеп бітірушілерге дәріс жүргізді, ҰБТ алдында бата берді.

Мектебіміздің 11 сынып түлектерімен сынып жетекшісі К.Тугамбаева барып, кездесуде «Нұр-Астана» орталық мешітінің Бас имамы, мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кездесудің маңызына тоқталып: «Мешітте жыл сайын өтетін рухани шараның негізгі мақсаты – оқушылар үшін аса маңызды науқан – ҰБТ қарсаңында түлектерге игі тілек тілеп, рухани демеу білдіру, жігерлендіру», – деді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жас түлектерге білім алудың артықшылығы жайлы уағыз айтты. «Білім жолында кедергілер көп кездеседі. Ең бастысы өздеріңізге ұнаған мамандық бойынша оқуға түсіңіздер. ҰБТ-дан сүріну – өмірден сүріну емес. Әрбір сынақта Алланың хикметі, даналығы бар. Алла қаласа сіздердің араларыңыздан академиктер, елге қызмет ететін иманды азаматтар шығатынына сенімдімін», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Астана қаласы №49 орта мектепте 2015 жылдың 22- мамыры күні «Саяси репрессия құрбандары» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайысқа 5-6 сынып оқушыларымен ата-аналары қатысты.

Мектебімізде 2015 жылдың 20 мамыр күні 4 А,Б сынып оқушылары сынып жетекшілері Құрманғалиева Бақыт және Ақшалова Баянның жетекшілігімен «Бастауышым бал бұлағым, Таттым сенен балдың дәмін» атты ертеңгілік іс шара өткізді.Жоғары сыныпқа көшкелі отырған бұл бүлдіршіндер мерекелік іс шарада аянбай өз өнерлерін ортаға салды.

«Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР конференциясы өтті.

2015 жылдың 16 мамырында «Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық қолдау» акциясы шеңберінде №42 орта мектебінде «Жас өспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясының өкілі Әбилкайыров Сайранбек Ербатырулы ата-аналарды жауапты сәтте балаларына қолдау көрсетуге шақырды.

2015 жыл 14 мамыр күні 5-10 сыныптардың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы және ҚР Конституциясы 20 жылдығына байланысты «Қазақстан кеше және бүгін» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға 5 – 10 сыныптар аралығында оқушылар қатысты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"