10 маусымда N 3 мектеп-гимназиясындағы мектепшілік лагерь оқушылары Оқушылар сарайына барды.Күні бойы оқушылар театр және би үйірмелерінде жаттықты және "Путишествие по солнечной системе" атты фильм көрді.

«Стартинейджер» сайысы.
Лагердегі әр топ өздерінің бишілік қабілеттерін көрсете алды.

N 3 мектеп-гимназиясындағы мектеп лагерінің оқушылары ағылшын тілін ойын формасында үйренеді.

«Қалпақтар күні» сайысына оқушылар түрлі қалпақ үлгілерін киіп келді. Смагулова Б.Ж. өткізген бұл сайысқа балалар үлкен дайындықпен келді.

«Толағай» спорттық жарысы.
Лагердің демалалушылары қатысқан «Толағай» спорттық жарысы өте тартысты өтті. «Балдәурен», «Қарлығаш» топтары жеңімпаз атанды.

«Алау» мұзайдынында.
«Шаттық» мектепішілік лагерінің демалушылары 9-маусым күні «Алау» мұзайдынында коньки, роликті коньки теуіп, көңілді демалды.

Мұстафина Риана , Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің түлегі. Астана қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік 125 ұпай жинады.
Мектеп алаңында мектепішілік лагерь балаларының «Әлем балалар көзімен» атты асфальтқа сурет салу байқауы болып өтті. Байқауға барлық топ балалары қатысып, өздеріне ұнаған тақырыпқа сурет салды. Байқау арасында эстафеталық ойындар ойнатылды.
Байқауға әділқазылар алқасына бастауыш сынып мұғалімі Абишова Фарида Рахымқызы тағайындалып, балалардың салған суреттеріне өз бағаларын берді. Ермахан Нұрайдың «Бәйтерек» , Серікбаева Ақботаның «Менің сүйікті қалам», Хапбар Әділеттің «Менің әлемім» суреттері жеңіп алды. Жеңіске жеткен балалар мақтау қағазымен марапатталды.
5-8 сынып оқушылары Бурабай курортында орналасқан «Самұрық» лагерінде 10 күндік демалыстарын өткізді. Демалыс барысында оқушылар мектептің жыл сайын жаз мезгілі кезінде өтетін «Жазғы академия» жоспары аясында күнделікті түске дейін, математика, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерін оқып, лагерьде қызықты күндерін өткізді.
Осындай арқан тартыс ойынымен бастаған дене шынықтыру пәні мұғалімі: Құсабаев Серік балаларға ойын шартын түсіндіріп, 4 топты жарыстыра білді. Ойын эстафеталық ойындармен жалғасын тапты. 1.Фишка жинап ұпай санын арттыру. 2.Орындық астынан өтіп жүгіру. 3.Допты жерге қағу арқылы келіп, қайтар жолда жай ақырын жүгіріп келу. 4. топтық арқан тартыс.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны