15 маусым күні N 3 мектеп-гимназиясында мектеп лагерінің 2 маусымының ашылуы өтті.
"Күншуақты жаз" атты мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагері 1 ауысым бойынша 10 күнді артқа тастап, 2 ауысым бойынша өз жұмысын бастап кетті. Лагерге 100 бала келіп,8 тәрбиеші жұмыс жасауда. Күнделікті таңғы жаттығу бүгін арнайы балалар биімен басталды.
"Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес" атты бала еңбегін қанауға қарсы арнайы жоспар құрылып, аталған жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.
13 маусым күні «Сәт сапар, жас түлек!» атты жалпы орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді.2014-2015 оқу жылында 9 сынып шәкірттері білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің үмітін ақтаған 5 оқушы қызыл аттестат иегері атанды.
Т.Айбергенов атындағы № 16 орта мектебінің жанынан ашылған күндізгі «Жұлдыз» тынығу лагерінің 2-ші демалыс маусымы ашылды.
13 маусым күні N 3 мектеп-гимназиясында 9 сынып оқушыларына негізгі орта мектепті бітіру туралы куәлік тапсыру мерекесі өткізілді.
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты ұлттық ақпараттық науқан шегінде N 3 мектеп-гимназиясының ұйымдастырған іс-шаралары туралы ақпарат. 2 және 12 маусым аралығында N 3 мектеп-гимназиясы оқушыларына еңбек заңы мен сенім телефондары жайлы ақпараттық материалдар таратылды. 5 маусым күні мектеп лагерінің оқушылары және 9 сынып оқушылары " Біз бақытты баламыз! " атты флешмобқа қатысты. Науқан барысында бала еңбегін қанау мәселелері туралы құқықтық-нормативтік әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. 8 маусым күні мектепшілік лагерь отрядтары " Біз бала еңбегін қанауға қармымыз" сурет байқауына қатысты. 11 маусымда сағат 10.00-де N 3 мектеп-гимназиясы Жастар саясаты басқармасымен бірігіп "Біз-бала еңбегіне қарсымыз" атты дәріс өткізуді жоспарлауда.
<p><strong> М</strong>ектеп алдына сап түзеп флешмоб ұйымдастырылды. Флэшмобқа жалпы 5,7 сынып оқушылары және лагерь балалары қатысты.</p>
2015 жылдың маусым айының 10-11 күндері Астана қаласының колледждер арасында «<strong>Қазақ хандығының 550-жылдығына</strong>» арналған қалалық «Ақ Найза-2015» әскери-спорттық ойын өтті.
<p>"Алақай,жаз келді!" деп қуанған баланың лагердегі 10 күндік уақытын артқа тастадық. Мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьді қаланы аралаумен, балалардың жүрегінен орын таба білумен, көңілді ойындармен аяқтадық. Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы лагерьдегі балалар үшін арнайы автобус бөліп берді. Арнайы автобуспен балалар күн ыстықта өздерін жайлы сезінді.</p>
Дидарлы жаз өз жалғасын табуда. 12.06.15ж күні қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасөспірімдер арасындағы асық атудан Астана қаласының ашық біріншілігінде 7 "Ә" сынып оқушысы Серік Шеризат "Көз мерген" номинациясы бойынша марапатталды. Сертификатпен қатар баскетбол добын ұтып алды. Жетекшісі Ауезбаев Мереке Қойшыұлы. Құттықтаймыз!!!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны