Бүгін 19 қыркүйек күні № 55 орта мектепте қалалық сенбілік аталып өтілді және тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Әр оқушының қолында сыпырғы, күрек, тырма, арнайы жұмыс қолғабы және т.б құрал-саймандары бар мектеп оқушылары, бүгінгі сенбілікке ерекше дайындықпен әрі белсенділік танытып келді. Мектеп алдына жиналған оқушылармен би мұғалімі Скорикова Елена Вячаславна спорттық флешмоб биін ұйымдастырды.<br /> Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Темирова Дамет Махметқызы балаларға сәттілік тілеп әр сыныпқа жұмыс жерін бөліп берді.<br /> Сенбілікке мұғалімдер мен 5-11 сынып оқушылары қатысып, мектеп ауласын қоқыс пен қураған шөп-шаламнан тазартып, сыпырып жинастырды. Мектеп ауласын көркемдету бойынша жұмыстар жүргізілді. № 55 мектеп ұжымы жалпы қалалалық сенбілікке шығып, қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты.
Бүгін таңғы сағат 9.00 №15 мектеп-лицейде «Біз таза қала үшін» атты күздік қалалық сенбілікке 8-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.
19.09.15 Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің оқушылары қалалық сенбілікке шығып,мектеп ауласын тазарту жұмыстарына қатысты.
18 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мектепшілік атажаналар жиналысы өтті. Оған №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Жандилдашева А.К. және балалар бөлімінің меңгерушісі Кабдуллина қатысты. 15-19 жас аралығындағы қызылша ауруының алдын алу бойынша өтті.
<div style="text-align:justify;">Бүгін сынып оқушыларының экологиялық сенбілігі өтті.</div>
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты мемлекеттік бағдарламасына үн қосу мақсатында бағдарламаның 89-қадамы: «Мектеп оқулықтарына Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» атты тақырыпта мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен тарих пәні мұғалімі С.Набиевтің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
«Біз таза қаланы қолдаймыз» ұранымен 2015 жылдың 19 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша мекемелер арасында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікті өткізу – бұл қаламызды тазалап, көркейтуге бағытталған жақсы дәстүр. Өз қаламызды қолымызбен ретке келтіріп, оған сүйіспеншілік пен құрметімізді көрсету барлығының көңілінен шығатын іс. Кімді алып қарасақ та, кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. Өлкеміздің ажары кіріп, тазалығы артып жатса нұр үстіне нұр болады. Осы орайда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Астана қаласының №71 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары ұйымшылдық танытып, қалалық сенбілікке қатысты. Сенбіліктің ашылуы барлық оқушыларды сапқа тұрғызып мектеп директорының жігерлі сөзімен басталды. Оқушылар қолдарына көтерген ұран сөздерімен сенбілікке дайын екендіктерін көрсетті.Қатысқан оқушылар саны-600(сағат 9.00-де 5-інші, 6-ыншы, 7-інші сыныптар, сағат 11.00-де 8-інші, 9-ыншы, 10-ыншы сыныптар) және де 40 мұғалім сенбілікке шықты.
19 қыркүйекие №17 мектеп-гимназиясында "Еңбек күніне" арналған сенбілік болып өтті. Мектеп директоры Рәмзия Фаатқызы Өмірбаева оқушыларды осы мерекемен құттықтады. 6-10 сынып оқушылары мен оқытушылар құрамы мектеп территориясында жұмыс істеді.
Тілдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара барысында 17 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насивхан Нұргүлдің жетекшілігімен 7 «А» сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны