Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп –гимназиясында өткізілген
қалалық сенбілік туралы ақпарат

Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп—гимназиясында 19 қыркүйек күні «Таза қала -2015» атты экологиялық айлық өз мәресін бастады. Сенбілікке осы жолы 340 оқушы қатысты.

Барлық оқушылар құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тазалайтын орындар бөлініп берілді. Бөлінген аумақтарды ДТІЖ орынбасары және сынып жетекшілерінің қадағалауымен, барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тазалады.

Сенбілікке 5-11 сынып оқушылары толық қатысты. 7-8 сынып оқушылары Желтоқсан көшесіндегі жол бойын және мектептің ауласын тазалады.

Сенбілік барысында оқушылардың қаланың, мектептің тазалығына бей-жай қарамайтындықтарын аңғардық. Барлығы бір кісідей белсене қатысып, ұйымшылдықпен жұмыс істеді.

Орын. Кампитова С. А.

Тел.50-16-32

«Тілге құрмет – елге құрмет»

21.09.15ж. – мектепшілік Қазақстан халқы тілдерінің «Тілге құрмет – елге құрмет» атты XVII қалалық фестивалінің жабылу салтанаты өтті.
Тіл –адам болмысының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл-ойы, мінез-құлығы, жалпы, рухани жан-дүниесі танылады.Тіл-адамның барлық саналы әрекетінің құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады десек, осы орайда атқарылып жатқан игі істер жетерлік.

19 қыркүйек күні қалалық сенбілік болып өтті. Сенбілікке 5-11 сыныптар қатыстырылды. Мақсаты: балаларды тазалыққа,жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа баулу, адамгершілігі жоғары 0-дік төзімділік бағдарламасын іске асыру. Сенбілік соңында барлық оқушылар мен ұстаздарға арналған «Біз, қаланың тазалығын қолдаймыз!» атты флешмоб ұйымдастырылды.

Астана қаласы

№51 мектеп-гимназиясы КММ

«Тілім менің - тіршілігім, тынысым» айдарында болып өткен тіл фестиваліне қорытынды

Қыркүйектің 21 күні 10 сыныптар арасында Исатаева Салтанат Көшербайқызының дайындауымен «Абайдың қара сөздері» тақырыбында ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Бүгін 21.09.15 жылы Тілдер мерекесі қарсаңында кәсіптік – техникалық колледж жатақханасында «Тіл – ұлттың жаны» атты викториналық кеш ұйымдастырылды.

21.09.2015 жылы гимназияда «Бір шаңырақтың астында» тақырыбында В.М.Байгунусованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларының арасында билер фестивалі өтті.
Мектебімізде аптаның алғашқы күнінде тіл тақырыбындағы сынып сағаттары жүйелі түрде жүргізілді.

19 қыркүйек күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебімізден 84 ұстаз бен 1254 оқушы қала тазалығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке өз үлестерін қосты.

Мектебімізде дәстүрлі түрде жанұяда өзара сыйластық, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, отбасылық дәстүрлерді жалғастыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференция, тренингтер, оқушылардың шоу-бағдарламалары, спорттық отбасылық эстафеталар, сондай-ақ түрлі отбасылық шығармашылық фестивальдер өткізілді.

№53 мектеп-лицейінде Тілдер мерекесіне орай 10«Д», «Е» орыс тілді сынып оқушылар арасында мектепішілік Тіл туралы білім мен парасат сайысы өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Турлина А.К өткізді. Онда «Сұңқарлар» және «Атамекен» топтары қатысып, өздерінің танымдық көзқарасын, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін ортаға салып, әр түрлі кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, тілдің нағыз жанашырлары екендіктерін көрсете білді. Екі топ оқушылары да сайысқа белсене қатысты. Сайыстың әділ қазылар алқасы оқу тәрбие-ісінің меңгерушісі Абденова Т.К, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Медеубаева Ш. Т мен Таскентбаева З. М болды. Олар сайысқа қатысушыларға әділ бағасын беріп, сайыскерлерді марапаттады.

№3 мектеп-гимназиясының 11б сыныбындағы күзгі жапырақтар күні.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны