29 маусым күні "Жасұлан" жастар қанаты бірлесігінің ұйымдастыруымен Конституцияның 20 жылдығына және тұңғыш президенттің ата заңды қолдаудағы роліне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу бойынша жалпы ұлттық форумы өткізілді. Біздің мектептен 6-8 сынып оқушылар арасынан 20 оқушы қатысты. Жұмабаева көшесімен өткізілген шеру патриоттық сезімді оята білді.
2015 жылдың 29 маусымында мектеп жанындағы «Радуга» лагерінің соңғы үшінші ауысымы ашылды
Сауықтыру лагері 3 маусымы өз жұмысын бастап кетті.Балалар мектеп алаңында өз топтарын таныстырып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Әр шарға өз тілектерін жазып ұшырған балалар арман мақсаттарына жетуді армандайды. Лагердің әр күнін қызықты өткізу балаларға жақсы көңіл күй сыйлайтыны анық.
Астана қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығы "Дидарлы жаз-2015" спорттық-ойын алаңдарының II маусым қорытындысы бойынша топтық ойындарда III орынға ие болғаны үшін № 55 орта мектеп командасы марапатталады. Құттықтаймыз!!!
2 маусым үшін белсене қатысқан балаларына "Алау" мұзайдынына тегін кіру жолдамасы берілді. Онда балалар коньки теуіп үйренді. Бұл күн балалар үшін көңілді болды. Тек қыс мезгілінде тебітін коньки жазғы ыстықта шаттыққа толы болды. Балалардың 3 маусымға сұраныстары да арта түсті. Дидарлы жаз-2015 балаларға жарқын көңіл күй сыйлай білді. Себебі әр күні әр мектепке барып ойнау әрі жаңа достар табумен толықтырды.
"Дидарлы жаз -2015" 5-7 сыныптар бойынша сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда. Жетекшісі Ауезбаев Мереке балаларды күнделікті жарыстарға дайындауда. №14 мектеп жанындағы алаңда волейбол жарысына барып қайтты. Жарысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты Ойын ережесімен таныс болған балалар өз ойындарын жалғастырды. Ойын соңы 9-8 есебімен жеңіске жетті.
2 маусым қызықты 10 күндігі өз мәресіне жетті. Лагерь тәрбиешілері бұл жолы да балалармен әр күнді бір-біріне ұқсамайтындай өткізе білді. Әр күн өз қызығымен ерекшеленді. Бассейн, Астаналық саябақ, Аружан ойын-сауық кешені, Лагерь аруы-2015, Азиапарк кешені,Сарыарқа кинозалы, Алаңдағы ойындар күнде толассыз өткен ойындар бала көңілінен шыға білді.
Оқушылардың асыға күткен Алатау спорт кешеніне орналасқан бассейнге шомылу кезегі келіп жетті. Бассейнге жүзе білмесе де шомылудың өзі аптап ыстық күндері көңіл толтырады. Тәрбиешілер суда шомылу ережесін ескерте отырып балаларға көмек беріп отырды.
Астаналық саябақ балалар үшін керемет жер болып табылады. Себебі балаларға арналған ойын түрлері мен су бетінде жүзген аққулар мен қаздар жақсы көңіл күй сыйлайды. Балалардың сұранысы бойынша осы саябаққа келуді ұйғардық. Балалар саябаққа келген бойда әсем су бұрқақтарды тамашалап, су шашып ойнай бастады.
Лагердің әр күні бір-біріне ұқсамайтын шаттыққа толы болуда. Бұл күні Аружан ойын-сауық кешені өзінің қызықты ойындарымен ерекші болды. Балалардың жүздерінен шаттық күлкісі байқалды.Ұйымдастырушылар балаларды топқа бөліп алып арнайы ойындарға жетелеп жүрді. Және де ойын соңы қызықты би кешімен аяқталды.
"Күншуақты жаз" лагерінің 2 ауысымы бойынша "Лагерь аруы-2015" сайысы өткізілді. 2 ауысым бойынша 2-3 сынып қыздар арасында болып өткен бұл сайыс қызықты әрі көңілді өтті. Сайыста берілген тапсырмалар пәндермен байланысты болды. Қыздарымызға берілген тапсырма оңай әрі жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болды.
<p>2014-2015 оқу жылында 143 шәкіртіміз білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебінен қанат қақты. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық біріңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған <strong><em>«Алтын белгі» </em></strong>иегерлері - 8 оқушы Амантай А. - 11 «ә», Дюсенбаева Е. - 11 «ә», Ақанова Н. - 11 «ә», Алпысбес Н. - 11 «ә», Мұқанғали Қ. - 11 «а», Жұмақанова Л. - 11 «а», Жүнісова Б. - 11 «ә», Кубентаева Д. - 11 «ә» мектеп, ұстаз және ата-ана мерейін үстем қылды.</p>
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"