2015 жылдың 19 қыркүйек күні №42 мектепте қалалық сенбілік өткізілді. Сенбілікке 5-11 сынып оқушылары қатысты. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айгул Айсақызы оқушыларды құттықтап, сенбілікке атсалысуға шақырды.Әр сыныпқа белгіленген аумақтар туралы айтылды.
Сенбілікке қатысқан барлық оқушылар мен мұғалімдер "Біз өз ауламызды таза ұстаймыз!" деген ұранмен мектеп

Алтын күз – 2015

Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 9 -11 сыныптар арасында «Алтын күз – 2015» мерекелік бал кеші өтті. Баллға жоғары сынып оқушылары өзара жұптасып, сайысқа түсті. Мектебіміздің ұланбасы Кошжан Зарина ұйымдастырып, үлгілі оқушысы Мырзабек Талғар жүргізген балл көңілді ойындарға, әсем әуенге толы болды. Баллдың қорытындысында барша көрерменнің ықыласын иеленген 9 – сынып оқушылары Сакөш Заңғар мен Иманалиева Алуа «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағын иеленсе, 10 – сынып оқушылары Жұмахан Самғар мен Анашова Айгерімге «Ең жарасымды жұп» номинациясы бұйырды. Меркелік балл соңы көңілді би кешіне ұласты.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мектебімізде «Арайлы, Алтын күз!» байқауы өз деңгейінде өтті.

2 сынып оқушылар арасында 19.10.2015 жылы өткізілген «Алғырлар мен тапқырлар» атты сыныптан тыс іс - шара отті.

Биылғы жыл тарихи мерейтойлар жылы, осыған орай ұлттық тарихты ұлықтау мақсатында 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтіп жатыр. Айтулы тарихи оқиғаларды жас ұрпақ бойына сіңіру үшін «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-нің маманы Жангутдинова А.С. 11-ші сынып оқушылары арасында «Қазақстанға жер аударылған халықтардың тағдыры» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.

2015 жылдың 28 жұлдызында №42 мектете Карттар күніне арналған мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өтті. Осы күні барлық 1-11 сыныптарға қонақ ретінде ардақты әжелеріміз бен аталарымыз шақырылды.

«Ұстаз ұлы – есім » атты мерекелік кеш

2015 жылы қазан айының 3 күні «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстаз ұлы-есім» атты мерекелік бағдарламасы әзірленіп, мұғалімдерге арналған қарсы алу салтанаты, өзін-өзі басқару күні, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Негізгі мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Мерекелік кеште оқушыларұстаздарына ән айтып, өлең жолдап, би биледі. Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздармен ойын жүргізді. Өзін-өзі басқару ұйымы және 11 сынып оқушылары осы күні мұғалімдердің орынына сабақ жүргізді. Мерекелік күнді өзін-өзі басқару ұйымы өте жоғарғы деңгейде өткізді.

«Астана Innovations» АҚ менеджері Жакупов Б. №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып оқушылары үшін «Smart» мектеп жобасы жайлы айтты.

Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. . Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл мерекелері білім күнін өткізудің негіздемелері болып табылады.

Білім күнінің мақсаты- қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтар- тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту болып табылады.

1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты.

«Жол хикаясы»
19.10.15ж. - №79 мектеп-лицейінің акт залында мектепшілік жылдық жоспар бойынша, 1-4 сынып оқушыларына арналған қуыршақ театрының шақырылуымен «Жол хикаясы» атты қойылым болды.
Қойылымның басты мақсаты – жас көрермендерді жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2015 жылы қазан айының 17 күні жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу мақсатында мектеп психологы Ш.С.Омарова әңгіме-сұхбат, психологиялық тренинг өткізді. 8-11 сыныптар арасында өткізілген іс-шара оқушылардың ойын ашық айтуға және көкейде жүрген сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туғызды. С.Ш. Омарова әңгіме барысында оқушыларға мәнді өмір сүру үшін алдымен мақсат қоя білудің, дұрыс армандаудың жолдарын және уақытша болатын қиындықтарға мойымай, оларды шешудің жолдарын ұсынды. «Мүмкіншілігі шектеулі жандардың өмірге құштарлығы» атты бейнероликті оқушыларға көрсету арқылы күрмеуге келмейтін жіптей қысқа өмірде адам армандарының болашаққа жетелейтіні жайында үлкен ой салды. Соңында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Оң жағым мен сол жағым» атты тренинг өткізді. Оқушыларға қызықты әрі әсерлі болды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны