ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Мақсаты:  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Қараша айының 17 жұлдызынан бастап мектебімізде «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылды кітапхана меңгерушісі Шаймерденова В.А.

«Қазақстанның сәндік –қолдаңбалы өнер шығармашылығы бойынша жаңа

Алматы қаласында республикалық балалар арасындағы бокс чемпионатынан мектебімізідң

2015 жылдың 12 қараша күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Алматы аудандық филиалы «Жастар- Отанға!» Партиялық жобасы аясында Халықаралық көңілді тапқырлар клубы күніне орай «Жайдарлы Жастық шақ» зияткерлік фестивалінде біздің мектебіміздің 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Әңгіме жоқ» құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық фестивалінде сертификатпен марапатталды. Жас жайдарманшыларға қадамдарың құтты болсын дей отырып, алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

16 қараша күні Санкт-Петербург кәсіподақтық гуманитарлық университетінің өкілдері №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларына университеттегі мамандықтар жайлы арнайы презентация көрсетіп, таныстырды.
Гимназияда 1-4 сыныптар және 5-7 сыныптар арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты мерекелік шара өтті.

Қазақ қашаннан да өлең-жырға, әдемі сөзге әуес.

Бастауыш сыныптар онкүндігі

Қарашаның 16-25 аралығында бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті. Онкүндік «Жаңаша оқыту-заман талабы» тақырыбында өтті. Тақырыпқа сай қабырға газеті, баннер шығарылып, бекітілген жоспарға сай ашық сабақтар өтілді. Ұстаздар өз сабақтарында қолданып жүрген технологияларын көрсетті. Әсіресе, 4 «А» сынып мұғалімі Досполова Г.А. дүниетану пәнінен «Жер асты сулары. Минералды сулар» тақырыбы бойынша «БиС» технологиясын қолданып өткізген сабағы оқушылардың белсенділігін арттырып, межелі 63 пайызды бағындыруға көмектесті. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер: Курмангалиева Р.Н., Рахимжанова Ә.М., Смагулова Б.Ж., Есен Ұ.С., Мухантаева Ш.С. өткізген сабақтары оқушылардың өз беттерімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасады.

2015 жылдың 14 қарашасы күні Есіл ауданының прокуратурасының, Есіл ауданының ІІБ және Ханшатыр ОСО-ның ұйымдастыруымен, жасөспірімдерді тәртіпке тарту, ұрлықпен күрес жайлы айта отырып, «кері байланысты» қалыптастыру мақсатынды мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!» акциясы өткізілді.
13 қараша күні мектебімізде «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында 8-11 сынып ұлдары арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ДТІЖО :Ғ.С.Сариева, әлеуметтік педагог Аканова А.Д, мектеп инспекторы Акупова Марал және «Достық» денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері және психологі қатысты.Олар ұлдарға темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян тигізетіндігі туралы слайд көрсетіп, оқушылардан сауалнама алды.
Ұлттық валюта-теңге күніне орай танымдық саптық тізіліс өтті. Мектеп фоесінде теңгенің шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өзгерістері туралы зерттеулер, мақалалар,мәліметтер т.б. және теңгелердің суретті бейнелерінен көрме ұйымдастырылды.

16 қараша күні мектеп психологі Г.Е. Сүгірбай «Сіздің құқығыңыздың бұзылуы – бұл зорлық» тақырыбына 8 - сынып оқушыларымен жекелей психологиялық тренинг өткізді. І орын – 7 «Ә» сыныбы, ІІ орын 7 «А», 7 «Б», ІІІ орын – 7 «Г» сыныбы иеленді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны