26 қараша күні №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 10-11 сынып оқушылары үшін Санкт-Петербург Мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетінің презентациясы өтті.
2015 жылдың 27 қараша күні №18 орта мектебінде Республикалық семинар өтті. Тараз, Шымкент, Қызылорда және т.б. қалаларының мектеп директорлары қатысты.

Астана қаласының №76 мектеп - лицейінде қалалық "Инновациялық - педагогикалық идеялар фестивалі" болып өтті. Бұл фестивальге мектебімізден екі мұғалім қоғамдық - гуманитарлық бағыты бойынша - Жексенбина А.Б., математикалық бағыты бойынша Әбілмаш Г. Ә. қатысып жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

Астана қаласының №51 мектеп-гимназиясында "Дарынды және талантты оқушыларды оқытубарысындағы мұғалімінің іс-әрекеті”атты Республикалық семинар өтті.

2015 жылдың қараша айының 16-26 аралығында «Туризм, Есептеу техникасы және БҚ» бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары С.С.Тусенова, А.П.Солодилова «3 D модельдеу және инженерлік графика» тақырыбындағы 72 сағат көлемінде біліктілігін көтеру курсынан өтті.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізілген Н.А. Назарбаевтың ән шығармашылығына арналған "Көшбасшы арманы әрбір жүректе" атты қалалық байқауында Байбуринов Бекарыс 1-орын алды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары: Ермұхамбетова Айым, Тауасаров Дамир, Сагинбаева Алина байқаудың ашылу рәсімінде өнер көрсетіп, Тұңғыш Президент мұражайының арнайы сыйлығы мен марапаттауына ие болды.

Бүгін біздің білім ордамызда Астана қаласы мектептері және колледждері арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай Сарыарқа ауданы көлемінде «Жас батыр» әскери-спорт қоғамының ұйымдастыруымен нысанаға оқ ату бойынша жарыс өтті.

Қазіргі таңда білімнің сапасы аса өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінде сапалы білім беруді басқару «БжС» технологиясын қолдану нәтижесі аса жоғары, үздіксіз тұрақты нәтижені алу мүмкіндіктерін көрсетті. Сол себептен де, технологияда оқытуға қажетті әдіс-тәсілдердің барлығы қамтылған. Сапаға ықпал етушінің бірі болып табылатын оқу үрдісінің негізі - өнімділік түсінігі. Ол әрбір оқушының әрбір сабақта қажетті сапаға жетуді меңзейді. БжС технологиясында өнімділік оқушылардың оқу жетістігінің 63% - ға шектелген., ол сабақ тақырыбын меңгеруде 5 ұпайды алуды міндеттейді. Мұндай нәтижеге жету дәстүрлі сабақта мүмкін емес. бұл тек «БжС» технологиясы негізіндегі технологиялық карталарды қолдану арқылы ғана жүзеге асырылады.№ 55 орта мектепте БжС технологиясы бойынша жоғары сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Аяшова Ғалия 5 "А" сынып оқушыларымен "Ең күші ортақ еселік және ең үлкен ортақ бөлгіш" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Және де бүгінгі күнді ашық есік күні деп жариялады.
26 қараша күні 6 "А" сынып жетекшісі Бәкір Мажан "Рационал сандарды қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың «Рационал сандар» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

Дамытушылық: Саяхат жүргізе отырып оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

2015 жылғы 19 қараша күні Астана қаласының оқушылар Сарайында өткен «Лидер-көшбасшы» конкурсында «Ең үздік сөз шебері» атанған 10 сынып оқушысы – Ягмурова Эмманы құттықтаймыз!!! Жарайсың, Эмма!!!
Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1-сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президент күні аясында жанұялық жарыс өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны