28.11.2015 жылы №24 орта мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 8-11 сыныптар арасында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Биле, биле» би сайысы өтті.
28.11.2015 №52 мектеп – гимназиясында 5 сыныптар арасында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ»

26 қарашада №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 6 сынып оқушыларының арасында ҚР Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президенті күніне арналған мемелекеттік рәміздер туралы байқау өткізілді. 6 сынып оқушыларына мемелекеттік рәміздер, Қазақстан тарихы және Республикамыздың тарихи тұлғалары жайлы сұрақтар берілді. 6 «Г» сыныбының тобы байқауда озып шығып, 1 орын иеленді.
Мектебімізде 1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаттар ұйымдастырылды.Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Елбасы туралы тәуелсіз мемлекетіміз құрылуына байланысты тарихи деректі мәліметтер, слайд-презентациялар көрсетілді.
Барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты жөнінде, қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі жолындағы ерен еңбегі айтыла келе, ән-жыр, биден шашу шашылды.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы - 2015 жылғы 30 қараша

2015 жылы 30 қараша күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті жолдауында Мемлекет басшысы әлемдік дағдарыс пен экономикалық ахуалға баса назар аударды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Астана қаласы Білім басқармасының «Оқытушы білім беру кеңістігінде» атты он күндік жоспары бойынша «Педагогикалық қызметте ақпараттық-коммуникативтік технология мүмкіндіктерін қолдану»атты интербелсенді семинар өтті. Семинарға Білім басқармасының әдіскері Н. Исина, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 26 жас инженер-педагогикалық қызметкерлері қатысты.

30 қараша күні балалар мен жасөспірімдерді ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмір жолымен таныстыру, ұлт мақтанышы болып табылатын тұлғаның ерін елі үшін атқарған кемеңгер істерінің тарихи маңыздылығына тоқталу мақсатында ұйымдастырылған патриоттық акцияның ашылуы өткізілді.

"Елбасы күні- елдікке құрмет мерекесі" атты мерекелік саптық тізіліс өтті. Саптық тізілісті ұйымдастырудағы мақсат: елбасы күнін дәріптеу, тұңғыш президентіміз Назарбаев Н.Ә.ерең еңбегін, халыққа деген жанашырлығын, т.б насихаттау
29.11.2015ж. №6 гимназияда Бірінші Президент Күніне арналған дәстүрлі «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – ең күшті мәдениет» акциясы өткізілді.
2015 жылдың 20-30 қараша аралығында «Тұңғыш Президент күніне» орай мектепішілік көлемде «Мектеп ұланбасын» сайлау өткізілген болатын. Ұланбасына мектебімізден 4 оқушы өздерінің кандидатураларын ұсынды. Олар 10 «А» сынып оқушылары Ахметбеков Жарас, Максутов Бакдаулет, Бейсембай Азамат және 10 «Ә» сынып оқушысы Байжанов Темирлан.
Сайлауда басым дауыспен үміткер - 10 «Ә» сынып оқушысы БАЙЖАНОВ ТЕМИРЛАН жеңіске жетті.
№71 мектеп-лицейінде2015 жылдың 30 қарашасында І-ауысымда және ІІ ауысымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – кемеңгер көшбасшысы» тақырыптық сап түзеу өткізілді. Оқушылар Қазақстан еліне сүйіспеншіліктерін, Отанға деген махаббаттарын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаны туралы маңызды жайттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, әр сыныпта тәрбиелік сынып сағаттарында Президентіміздің балалық шағы, отбасы сондай-ақ алғаш қызмет жасаған жұмыс орындары туралы оқушыларға мағлұмат берілді. Сондай ашық тәрбиелік сынып сағаты Г Б Құттыбадамованың қолдауымен 5 «Ә» сыныбында жоғары деңгейде өткізілді. Барлық оқушылар тәрбие сағатына белсенді қатысып Президентімізге өлең шумақтарын айтып, күйлер шертіп, патриоттық өлеңдер айтылды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны