Бастауыш сынып оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу сайысы

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай 14 желтоқсанда бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мәнерлеп оқу сайысына 19 оқушы қатысты. Сайысқа қатысушылардың міндеті «Біз бәріміз Қазақстанның халқымыз» тақырыбына мәнерлеп өлең айту болды.

Тұңғыш Президент күніне арналған патриоттық акция аясында мектеп кітапханасында Елбасы туралы кітаптар көрмесі өткізілді. Елбасының өнегелі өмір жолын, ерен еңбегін және шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген іс – шараға 1-11 сынып оқушылары қамтылды.

Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Ал тәуелсіздік күні - еліміздің барлық азаматы үшін орны ерекше мереке.
Әдеби кештің басында оқушылар назарына бейнетаспадан «Елім-ай» көрінісі ұсынылды. Мәжіліс залында отырған әр оқушы бейнетаспаға зер сала қарап, тарихтан танысқан ата-бабаларымыздың басынан өткерген қилы заманын еске алды. Тарихты білу – парыз. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Байтұрсынов, Дулатов, Бөкейханов, Бірі – күн, бірі – жұлдыз, бірі – айым. Кешегі қара күні осылар ғой, Халық үшін шам қылған жүрек майын» - деп жырлағандай, ұлтына адал қызмет еткен Алаш арыстары қазақты қайтсек қатарға қосамыз, азаттығын алып беріп, тұғырын баянды етеміз деп жандары қалмай арпалысты. Асылдарымыздың сөздерін бойына сіңіріп өскен оқушылар Алаш арыстарының бас қосқан отырысынан әсерлі көрініс қойды.Көк туымыз көгімізде желбірей берсін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Елбасы күнімен Тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін«Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 45 оқушы қабылданды

2015 – 2016 оқу жылы 15 желтоқсан күні мектебімізде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ата бабам аңсаған – Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік салтанатты іс шара болып өтті. Мектеп директоры Чижевская Л. В. құттықтау сөзінен кейін, 5 – 6 сынып оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты сәтінен басталды. Оқу озаттары, спорт саласы бойынша жетістіктерімен көзге түсіп, мектепішілік мерекелік іс – шараларға белсенді қатысып жүрген 5 – 6 сынып оқушылары ұйым қатарына қабылданды.

Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 8 Б сынып оқушылары Ғафу Қайырбековтың музейінде тәуелсіздікке арналған пресс – конференция өтті. 1986 жылғы желтоқсан қанды оқиғасын суреттеп, оқушылар есте қаларлықтай әсер алды. Тарих пәнінің мұғалімі және мұражай қызметкері Смагулова А.Т. өткізді және де осы мектептің тарихшылары Қырықбаев Ж., Аяпбергенова Г. - да белсене қатысып, оқушыларға көмек беріп отырды.

Пресс-конференцияда әр оқушы политолог, Қазақстанның әйгілі ғалымдары, социолог, экономист, ақпараттық радио-журнал-газеттердің репортерлары ролдеріне еніп қонақтар болып, пікір талас сұрақ-жауап алып отырды. Оқушылардың арасынан белсене қатысқан Г.Нелли, Довгая С.А., Котрунов Р. В., Шестеркина А.В., Мирзаханов И.У. Кудайбергенов А.У. және де басқада оқушылар өте жаөсы қатысып отырды. Конференция соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кампитова С.А. сөз сөйлеп, оқушыларға сол жылғы оқиғаның қандай зұлым болғанын тағы бір айта кетті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай баскетболдан мектепішілік жарыста І орынға ие болған - 5 "Ә" сынып, ІІ орынға - 5 "А" сыныбы ие болып мадақтама грамотамен мараптталды.
15.12.2015 ж. "Тәуелсіздік перзентінің - тілегі" атты салтанатты жиыны өтті. ұйымдастырушы - 2 "А" сынып, жетекшісі - Есимова А.Ә.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бокстан 2002-2003, 2004-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы "№3 ОРМБЖСМ" МКҚК Астана қаласының ашық Біріншілігінде Ахметшиве Р. І орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 желтоқсан күні от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсету мақсатында тарих пәні мұғалімі Даулеева Гүлсім мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нурышева Фарида әдеби – тарихи кеш өткізді. Кеш қонақтары 7-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері,пән мұғалімдері.

Тәуелсіздік қарсаңында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты салтанатты сап түзеу өткізілді. Патриоттық акцияның ашылуына 1-4 сыныптар қатыстырылды. Директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Айтишева Баянгүл Кадыровна оқушыларды, ұстаздарды «Тәуелсіздік күнімен» құттықтап, салтанатты жиынды ашып берді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны