№3 мектеп-гимназиясының медбикесі Ибрагимова К. оқушыларға туберкулездің алдын алу жолдары жайлы айтты.
Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 1 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай патриоттық әндер байқауы өтті.
№ 65 мектеп – гимназиясында 2015 – 2016 оқу жылында «инклюзивті білім» алатын 75 оқушы бар. 2015 жылдың 12 желтоқсанында № 65 мектеп – гимназиясында «инклюзивті білім» алатын оқушылардың арасында «Оқушылардың оқу үлгерімі мен мемлекеттік бағдарламаны меңгеруін» тексеру мақсатында, психологиялық – медициналық – педагогикалық консилиум өткізілді.

Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында желтоқсан айының 14 – ші жұлдызы күні 5 сынып оқушыларымен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Еліміздің ең елеулі мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

2 – сыныптар арасында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
10 "А" сынып оқушысы Ташенов Асхат Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған "Тұмар-2015" қалалық этнографиялық шығармашылық байқауында "Сәндік-қолданбалы өнердегі түпнұсқалы жұмыс" номинациясы бойынша марапатталды. жетекшісі - Жаппаров М.Б.

2015 жылдың қараша айы бойы «Право» қоғамдық қоры Астана қаласының мектеп оқушылары арасында құқықтық салауаттандыру бағыты бойынша «Менің құқығым және менің міндеттерім» атты шығармалар байқауын жариялаған болатын. Осы сайысқа №64 мектеп-лицей оқушылары да ат салысқан еді. Нәтижесі бойынша 7 «Ә» сынып оқушысы Полатова Зауре, 7 «Б» сынып оқушылары Түгел Ақмаржан және Кошкинбаева Надира сайыс қатысушылары сертификатына ие болды. Ал 7 «Ә» сынып оқушысы Полатова Зауре Лауреат сыйлығының иегері атанды. Бұл оқушыларға жетекшілік еткен №64 мектеп-лицейінің тәрбие ісі бойынша орынбасары А.С.Усербаева.

Қалалық "Отаным деп шырқаймын" патриоттық ән байқауынан 2-орын иегерлері Байбуринов Бекарыс пен Сагинбаева Алинаны құттықтаймыз!

7 д сынып оқушысы Турмуханбет Диасты жеңісімен құттықтаймыз! Тұңғыш Президент күніне арналған судағы полодан өткен қалалық ҚР кубогында 2 орын иеленді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны