Меню KDT

Новости

Главная Новости

30.01.2016

30 қаңтар күні жас маман, мектебіміздің психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді.

30 қаңтар күні жас маман, мектебіміздің психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі танып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүруге баулу. Тренингке мектеп директоры Кәмила Кәрімбердіқызы бастаған 13 ұстаз қатысты. Ұстаз мамандығының басқа мамандықтарға қарағанда стресстік жағдайларға душар болатындығын назарға ала отырып,  ұстаз өзінің кәсіби ұстанымын жоғалтпай әрдайым көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажет екендігін айтып өтті.

30.01.2016

Экспо 2017 – аспаздардың қиялымен

2016 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласының «№6  Кәсіптік лицейінде» қалалық колледждер арасында «Экспо – 2017» тақырыбы аясында кулинарлық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа елордамыздың барлық колледждері қатысқан болатын.

30.01.2016

"Абыз –домбыра" байқауы

«Абыз –домбыра...» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауына белсене қатысып ІІ орынды жеңіп алған Байбуринов Бекарысты құттықтаймыз!

Жетекшісі Кудерина Ж.А

30.01.2016

«Информатика әлемі»

«Информатика әлемі»

№53 мектеп-лицейінде 7-сыныпоқушыларыарасында «Информатика әлемі» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар Информатика пәнінен түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі сауалдарға жауап берді. Зияткерлік сайыс арқылы оқушылардың қазіргі қоғамдағы ақпараттық технологиялардың алатын орнын, пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын айтып, ойларымен бөлісті.Сайыс барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 4 оқушыдан бөлінді. Әр топтан бір топ басшысы сайланды. Әрбір орындалған тапсырма 1-5 балдық жүйемен бағаланды. Сайыс нәтижесінде 7«А» сынып оқушылары І-орынға, 7«К» оқушылары ІІ-орынға, 7«Г» сынып оқушылары ІІІ-орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталып, сайыс өз деңгейінде өтті. Ұйымдастырушы: Информатика пәні мұғалімі Таубалдиева Ж.А.

29.01.2016

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында қамқорлық акциясы аясында оқушылардың жәрмеңкесі өтті

Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында қамқорлық акциясы аясында оқушылардың жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары өздерінің үйінен дайындап әкелген тамақ өнімдерін қойды. Осы жәрмеңкеден түскен қаражатқа мектептегі азқамтылған отбасындағы балаларға оқуға қажетті киім-кешектер мен құрал-жабдықтар сатып алынып берілді.

29.01.2016

5-7 сыныптар аралығында "Тарихи тұлға" атты дөңгелек үстел өтті

Оқушыларды функционалдық сауаттылыққа үйрету, кітап оқу ынтасын арттыру дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты болды.

29.01.2016

Мемлекеттік тіл аясында өткізілген іс-шара

Мектебімізде  "Фолькролық стилі" тақырыбында мемлекеттік тіл аясында өткізілген іс-шара өтті.

29.01.2016

Мамандық таңдау - болашақты таңдау

Бүгін мектебімізде "Мамандық таңдау - болашақты таңдау" деген тақырыпта колледж оқытушыларымен кездесу өтті.

29.01.2016

Әр жақсылыққа жеті жүз сауап.

Адам өміріндегі игі істердің бірі-мұқтаж жандарға көмек беру. Осы мақсатта мектебімізде қаңтар айының 23-і күні  «Мейірім  шапағаты» атты жәрмеңке өтті. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол  ата-аналардың көп екеніне көзіміз жетті.

29.01.2016

Бүгін яғни 29 қаңтар күні « Білімнің кені – бастауышта» атты апталық аясында, 1- сыныптар арасында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді.

Бүгін яғни 29 қаңтар күні « Білімнің кені – бастауышта» атты апталық аясында, 1- сыныптар арасында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді.

29.01.2016

Физика - математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесу .

Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінде 29.01.16ж күні МИФ кафедрасының «Нақты ғылым – XXI ғасырда» апталығы аясында өскелең ұрпақтың еліне, халқына деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, болашаққа деген ой-пікірлерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету мен оқушылардың математика ғылымына деген қызығушылығын арттыру мақсатында ФМҒ докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА - ның академигі Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесу өтті.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны