Ұлыстың Ұлы күніне арнап мектебімізде наурыздың он жетінші жұлдызында танымдық ашық сабақ өтті. Сайыс түрінде өткізілген шараны 10 «Ә» сыныбы, жетекшісі Ибраева Баян Сейтжановнамен ұйымдастырды.
Білім жарыстырадың сайыста «Бәйшешек», «Қызғалдақ» және «Жауқазын» үш топ бақ сынады. Оның екеуі оқушылардан болса, үшінші топ мұғалімдерден құралды. Бес кезеңнен тұратын сайыста жарысқа қатысушылардан Наурыз мерекесі туралы білімдері анықталды. Әртүрлі сұрақтар қойылып, сайыс қызу жүргізілді.

Сонымен қатар, ән айтылып, төгілтіп би де биленді. Жарыс қорытындысы бойынша мұғалімдердің ұпайы басым болып «Жауқазын» тобы бірінші орын иегері атанды, ал «Бәйшешек» тобы екінші орын, «Қызғалдақ» тобы үшінші орын алды. Танымдық ойын соңы екі топ әзірлеген дастарханнан дәм татумен аяқталды.

17 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясында 5-11 сыныптар арасында Наурыз мерекесіне арналған плакаттар байқауы өтті.
18 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында ата-аналармен бірлескен Наурыз мерекесін тойлауға арналған іс-шара өткізілді.
18 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Наурыз мерекесіне және 3 тоқсан қорытындысына арналған сап түзеу өтті. 5-7 сыныптардың ең талантты және дарынды оқушылары мадақтамамен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Рейтинг қорытындысы бойынша 3 тоқсанның ең үздік сыныбы болып 6б сыныбы атанды.
18 наурызда №3 мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымы үшін Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін мектеп қабырғасында бастауыш сыныптар арасында "Наурыз айы келгенде..." атты тәрбиелік іс-шаралар өтті.

Бүгін бастауыш сыныптарда «Наурызым-мерекем, наурызым - берекем» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған тәрбие сағаты өтті.

16-18 наурызда 1-7 сынып оқушылары үшін Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы негізнде «Зерде» ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Ұйымдастырушылар – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және ҚР білім және ғылым Министрлігі. Байқауға Астана қаласының 19 оқу орнынан 40 оқушы қатысып, 31 жұмыс таныстырылды. №3 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары Курова Анна және Голобурда Майя 2 орын иеленді. Құттықтаймыз! №3 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Сударикова Анна дипломға ие болды. Жарайсың!
17 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып оқушылары үшін оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне арналған би кеші өтті.
№3 мектеп-гимназиясының оқушылары Семочкин Константин және Слейманов Амирді құттықтаймыз! Олар Көкшетауда жаратылыстану-математика пәндері циклі бойынша өткен Республикалық олимпадаға қатысты. Слейманов Амир физикадан 2 орын, Семочкин Константин информатикадан 3 орын иеленді.
Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы. Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Қазақтың байлары «шүлен тарату» дәстүрін жасап, кедей-кепшікке мал-мүлік, бұйым үлестіріп, тегін ас таратқан. Бұл халқымыздың жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны