Меню KDT

Новости

Главная Новости

14.03.2016

Имаммен кездесу

Қазіргі таңда жастардың дәстүрлі емес діни ағымдар туралы білімдерінің төмендігі және деструктивті-экстремистік ұйымдарға жас ұрпақтың көптеп тартылуы бірінші кезекте шешілуі керек басты

14.03.2016

В Казахстане утвердили стандарты школьной формы

Подписанный бывшим министром образования и науки РК Асланом Саринжиповым приказ о введении стандартов школьной формы для организаций среднего образования вступил в силу. В документе отмечается, что форма соответствует светскому характеру обучения и исключает какие-либо религиозные элементы.

14.03.2016

«Армысың, әз Наурыз!»

2016 жылдың 14-ші наурызында  «Наурызға » арналған  8-11 сынып оқушылар арасында «Бақ берекем, құт мерекем - әз наурыз» 

14.03.2016

Математика пәнінен «Зерде» ауызша олимпиадасы

№9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2016 жылғы 28-29 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.

13.03.2016

Мұғалімдер арасында баскетболдан жарыс өткізілді.

№ 54 мектеп гимназиясында мұғалімдер арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.Қатысушы мектептер № 61, № 55, № 54, № 48, № 44. Ереже бойынша 2 ер мұғалім және 3 әйел мұғалім болуы керек.Біздің мектеп мұғалімдері арасынан дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Ауезбаев Мереке, Ермекбай Бекзат,бастауыш сынып мұғалімдері: Қонысова Сандуғаш және Тулегенова Данар, психолог Тоқтасынова Лаура қатысып белсенділік танытты.Ұстаздарымыз баскетбол ойынында шеберліктерімен 3ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

13.03.2016

Аналар күніне арналған мерекелік іс-шара

Мектебімізде 8 наурыз аналар күніне арналған бастауыш сыныптар арасында және жоғары сыныптар арасында екі күндік концерт болып өтті. Оқушылар бұл күні ұстаздарымызға гүл шоқтарын ұсынып, аналар туралы ән айтылды. Мектеп Ұланбасы Дүйсенова Малика барлық оқушыны белсенділікке шақырып жақсы ұйымдастыра білді.

13.03.2016

Әрбір үйде - Наурыз мейрамы

10 наурызда №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 6 сынып оқушылары арасында " Әрбір үйде- Наурыз мейрамы" атты Наурыз туралы мемлекеттік тілде ән орындау байқауы өтті. 1 орын 6б сынып оқушылары Даниярова А.,Калиев К. және Аманжолова А. иеленді. 2 орын 6 е сынып оқушылары Харсиева М. және Якубова Д. иеленді. 3 орын 6 а сынып оқушысы Мухиткызы Х. және 6 ғ сынып оқушы Каирбеков А. иеленді.

12.03.2016

WorldSkills Kazakhstan

<p>2016 жылдың 11 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің  Кәсіптік-техникалық колледжінде 18-20 жас аралығындағы Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандары, кәсіптік және техникалық  білім беру колледждері студенттеріне арналған <strong>WorldSkills Kazakhstan</strong>  чемпионаты өтті.</p>

12.03.2016

ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына қалай түсу

10 наурызда №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Астана қаласының қорғаныс істері Басқармасының өкілі, запастағы полковник Алпысов С.Т 10-11 сынып ұлдарымен кездесті. Оқушыларға ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына қалай түсу керектігін түсіндірді.

12.03.2016

«Бикештерге арналады» мерекелік сазды бағдарламасы

<p style="text-align:justify;">Көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер күні»  мектебімізде ерекше аталып өтті. Мектептің жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ер балалар сазды бағдарламасы «Бикештерге арналады»  айдарымен болып, мектептің барлық нәзік жандарының жүрегін жаулап  алды. Мектеп директоры Жунусова Құсни Қияшқызы барлық нәзік жандарды мерекемен құттықтап, ерен еңбектері үшін марапаттау жасады. Бағдарлама  барысында ер балалар қазақ, орыс, ағылшын, италия және француз тілдерінде әндер салып, биден шашу шашты. Бағдарламаның жүргізушілері Бердібаев Нұрлан, Ерғалиев Нұрлыбек, Ермек Нұрислам, Исаинов Рүстем көрерменнің жүрегінде ерекше із қалдырды. Сонымен қатар мектеп түлектері флешмоб билеп, барлық көрерменді еліктіріп алып қана қоймай, Сыздыков Сұлтан «Анаға арнау» әнімен  әсерлі күй кештірді. Бағдарламада Сабиғат Ақжол, Алтаев Әділет, Жандаулет Әділ, Майгүл Бақытжан, Ержан Ерназ,Үзбен Ахмет, Мейрамбек Әділет қоңыр дауыстарымен тамаша ән сыйласа, Нигиматов Ерлан және Испаев Иран жүрекжарды өлең шумақтарын сыйға тартты. Сонымен қатар, «Релакс» КТК тобы үйлесімді әзілмен баршаға көңіл-күй сыйлады.   Іс-шараның қызықты кезеңдерін 10 сынып оқушысы Заула Бақберді  суретке түсіріп, экран арқылы көрсетіп отырды. Барлық көрермен тамаша әсермен, мерекелік көңілмен демалды.</p>

12.03.2016

«Көрікті көркем аруы!»

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдікталғамын қалыптастыру.  Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны