18 наурызда №3 мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымы үшін Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін мектеп қабырғасында бастауыш сыныптар арасында "Наурыз айы келгенде..." атты тәрбиелік іс-шаралар өтті.
<div>Бүгін бастауыш сыныптарда «Наурызым-мерекем, наурызым - берекем» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған тәрбие сағаты өтті.</div>
16-18 наурызда 1-7 сынып оқушылары үшін Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы негізнде «Зерде» ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Ұйымдастырушылар – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және ҚР білім және ғылым Министрлігі. Байқауға Астана қаласының 19 оқу орнынан 40 оқушы қатысып, 31 жұмыс таныстырылды. №3 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары Курова Анна және Голобурда Майя 2 орын иеленді. Құттықтаймыз! №3 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Сударикова Анна дипломға ие болды. Жарайсың!
17 наурыз күні №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып оқушылары үшін оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне арналған би кеші өтті.
№3 мектеп-гимназиясының оқушылары Семочкин Константин және Слейманов Амирді құттықтаймыз! Олар Көкшетауда жаратылыстану-математика пәндері циклі бойынша өткен Республикалық олимпадаға қатысты. Слейманов Амир физикадан 2 орын, Семочкин Константин информатикадан 3 орын иеленді.
Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы. Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Қазақтың байлары «шүлен тарату» дәстүрін жасап, кедей-кепшікке мал-мүлік, бұйым үлестіріп, тегін ас таратқан. Бұл халқымыздың жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр.
ҰлыстыңұлыкүніНаурызмерекесінеорай, ауыл - ауылбопсайысқансыныптарсалт - дәстүрденкөрініскөрсетіп, күйтартып, әнәуелетті. БіздіңұжымныңНаурызтойыбарлықсалт - дәстүріміз бен ұлттыққұндылықтарымыздәріптелгенұлы той деңгейіндетойланды.
<h3 style="text-align:center;"><strong>Мектепбарысы - 2016</strong></h3>
19.03.2016 жылы оқушылардың Ұлыстың Ұлы күні - күн мен түн теңелетін, адамдар ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашатын, барлық реніштер кешірілетін, мейірімге толы мейрам-Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны