Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.05.2016

Шерубай Құрманбайұлымен кездесу

№53мектеп-лицейінде мектеп бітіруші түлектер,  яғни 11-сынып оқушылары арасында филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шерубай Құрманбайұлымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында ашық әңгіме  «Тіл - ұлттың ең жанды жері» тақырыбында өрбіді. Өзінің күнделікті өмірде байқаған, түйген ойларын  оқушылардың  намысы мен жігерін жани отырып айтқанда балалар дың жүзінде жауапкершілік пен ойлылықтың белгісі тұрды. Кездесу барысында  өзін Қазақстанның азаматымын  дейтін, осы елдің ауасын жұтып, суын ішіп, осы елде өмір сүріп жатқан кез-келген адам мемлекеттік тілді меңгеріп, құрметтеп көздің қарашығындай сақтау қажеттілігін, ашық қоғамда кез-келген мәселенің ашық болуы керектігін әңгімеледі. Мектеп қабырғасынан ұшқалы   отырған жас түлекке «Мемлекет ретінде өркендейміз, өсеміз, дамимыз десеңдер, болашағымыз жарқын болсын десеңдер,  қазақша оқып, өзіңнің тілің  мен дәстүріңді, өнерің  мен мәдениетіңді, тарихыңды  бойларыңа сіңіріп, содан соң ғана шет тілін үйреніңдер» - деген ақылын айтты. Негізінен кездесу барысында  Шерубай Құрманбайұлы Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың тіл  саласына, аударма саласына қосқан  үлесі туралы, қазақ ұғымына сай астрономиялық атауларды қазақшаға аударуда  Ә.Бөкейхановтың ұлттық болмысымыз бен таным-түсінігімізге сай ұғымдарды қолданғаны жайлы қызықты әңгімеледі. Мектеп оқушылары арасынын Зейнелкабиденов Аян, Балабек Арайлым, Жолдасбекова Ақмарал  Шерубай ағайға сұрақ қойды. Берілген сұрақтарға жауап беру кезінде балалар  мен ғалым ағаның арасында  жанға жағымды байланыс орнады. Кездесу соңында 11«Ә» сынып оқушысы ақынжанды  Орал Абдрауф өз көзқарасын өлеңмен өріп, оқып берді. Мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әлиев Ербол құрметті қонағымыз Шерубай Құрманбайұлына мектеп атынан алғысын айтып, №53 мектеп-лицейде  елін сүйетін, тілін құрметтейтін балалардың көп екенін айта өтті. Кездесу кешін ұйымдастырған ұстаздар  – тарих пәнінің мұғалімі Авдхалым Әсия мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы.

03.05.2016

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мектебімізде достық пен татулықтың, бейбітшілік пен мызғымас тұрақтылықтың мерекесі ретінде көтеріңкі көңілмен, жарқын жүзбен асқақ рухта аталып өтті.

03.05.2016

Хабарландыру!!!

Құрметті ата-аналар мен 7-10 сынып оқушылары!!!

03.05.2016

Қалқаман Саринмен кездесу

2016 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің мәжіліс залында ақын Қалқаман Саринмен кездесу өтті. Кездесуді айтыскер ақын Азамат Мәлжанбай жүргізді. Алғашқы сөз ақынның өзіне беріліп өмірі, шығармашылығы туралы сыр шертті. Бірнеше өлеңдерін оқып, тыңдармандарын тәнтті еттті. Сонымен бірге оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтып, жас ақындар жырдан шашу шашты.

03.05.2016

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

Өткізілген күн:28.04.2016ж

9«б»сынып

Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

03.05.2016

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Құсайнов Мұхтар Құсайнұлы жары Құсайнова Рыспала Калиакбаровнамен

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Құсайнов Мұхтар Құсайнұлы  жары Құсайнова Рыспала Калиакбаровнамен

02.05.2016

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

№15 мектеп-лицейінде «Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені» тақырыбында Сарыарқа мектептері №№1,2,14,15,18,20, 25,29,34,35,36,40,41 арасында плакаттар сайысы өткізілді.

02.05.2016

«Әкелер» слеті

Сарыарқа ауданы мектептері арасында «Әкелер» слетінің аясында  «Өзіңді сына»  әскери - спорттық жарыс өткізілді.

01.05.2016

1 мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымақтастығы күніне арналған "Бір шаңырақ астында" тақырыбында әр түрлі ұлттардың биін насихаттайтын достық фестивалі өтті.

1 мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымақтастығы күніне арналған "Бір шаңырақ астында" тақырыбында әр түрлі ұлттардың биін насихаттайтын достық фестивалі өтті. Фестиваль 1-4 сыныптар арасында өтті.

01.05.2016

"Ұлт бірлігі-ұлы байлық" атты қалалық фестиваль-конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

№ 73 мектеп лицейінде Жасұлан ұйымы арасында өткізілген  1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай  "Ұлт бірлігі-ұлы байлық" атты  қалалық фестиваль - конкурсына біздің мектептен 6 сынып оқушылар командасына берілген беларусь ултын оқушылар жақсы орындап шықты. Жетекшісі:  Жасұлан ұйымы тәлімгері: Тулегенова Данар. Онда № 55, № 70,№ 72, № 52,№ 73, № 51 мектептер оқушылары берілген өзбек, ағылшын, орыс, қазақ, беларусь,және қырғыз ұлттарын сомдады. Әр ұлттың киімдерімен келген командалар таныстыру, өнер көрсету, ұлттық құндылықтар және заманауи би кезеңдері бойынша сайысып нәтижесінде № 55 орта мектеп беларусь ұлты командасы III орынды жеңіп алды. Оқушылар арнайы мараптталды және де тәлімгерге алғыс хат табысталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

01.05.2016

1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күні өткізілген тәрбие сағаттары

1 мамыр - қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сыныптар және орта буын арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Ғалия Фархатқызы 2-4 сынып арасында "Ынтымағы жарасқан ел" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, сол ұлттың өнерін ортаға салды. 3-4 орыс сынып оқушылары арасында орыс,қазақ,беларусь,украин,татар,өзбек,түрік,азербайжан ұлт өкілі оқушылары болғандықтан сол ұлттың тілінде олең ,жырларын көрсете білді. Ажибаева Ұлжан 5-7 сынып оқушылары арасында әр ұлттың тұрмыс тіршілігіне шолу жасап, өнерлерін ортаға салды. Әр ұлт өкілдері сол ұлттық салт-дәстүрінен үзінді көрсетіп достыққа , бірлікке шақырды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар үш тілде "Бір үйдің баласындай" әнін жақсы орындап шықты.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны