06.06.2016 жыл.

Мектеп психологы Б.А.Габдуллина «Біз балалар еңбегіне қарсымыз» тақырыбында мектеп оқушыларымен әңгіме жүргізді.Ол өз сөзінде мектеп оқушыларына «• өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасауды ,ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру; координация – іс қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету; мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу; қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету; әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектерінің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керектігі айтылды.

25.05.2016 жыл

Мектепте «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында құттықтау сөздері мектеп директоры Б.С.Қыдырмановқа, алғашқы ұстаздарға және мектеп түлектеріне берілді.Алғашқы қоңырауды соғы рәсімі 11а сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Абсалимова Томириске және 1 сыныптың үздік оқушысы Ғазиз Санжарға берілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы мен Қазақстан мемлекетінің дамуын және қалыптасуының маңыздылығын насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді

2016 жылы 3 маусымда МЕМЛЕКЕТТІК рәміздерді насихаттау мақсатында «Балалар жүрегіндегі Әнұран» тақырыбында мектеп жанындағы лагерьдегі топтарда іс-шара өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны