Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы оқушыларға толық оқумен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында 2016 жылдың тамыз айының 25 күні АО «СБЕРБАНК» қызметкерлері №69 мектеп-гимназияның 3 оқушысына, атап айтсақ, Еспосинова Г, Кабекенов.Б. Кабекенов Т. 1 - сынып оқушыларына мектепке қажетті сөмке, құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етті. №69 мектеп – гимназия ұжымы тарапынан, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары көрсетілген көмекке өз алғыстарын білдірді.

№80 мектеп-гимназиясында 3 қыркүйекте 2016-2017 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.
№1 педагогикалық кеңес тақырыбы - Білім саласындағы реформалар: мазмұнды жаңарту, үштілділік және көшбасшылық арқылы кәсіби дамуға бет бұру.

1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды.
2016-2017 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына 1 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды.

1 қыркүйек күні Білім күніне орай ұйымдастырылған шарадан кейін әр сыныпта «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында мұғалімдер мен ата- аналар қонақта болды.

01.09.2016 жылы № 3 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптар арасында «Мәңгілік ел» патриоттық акт шеңберінде «Мен-өз елімнің патриотымын» атты білім сабағы өткізілді.
2016-2017 оқу жылына арналған мектепшілік мерекелік сап түзеу 01.09.2016 жылы сағат 10.00, 12.00, 12.30 №3 мектеп-гимназиясының мектеп алаңында өтті. Сап түзеуде оқушылар би билеп, ән салды. Бұл оқу жылы тек бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, жоғарғы сынып оқушылары үшін де ерекше болмақ.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде №3 мектеп-гимназиясының 11 б, 11 в сынып оқушыларына «Мәмлегерлік сабағын» өткізді.

Астана қаласының №64 мектеп-лицейінде 1-қыркүйек күні дәстүрдегі «Алғашқы қоңырау» мерекесі өтті. Таңертең мектеп алаңына 1 және 11 сынып оқушылары сап түзеуге тұрып салтанатты түрде алғашқы қоңыраулары соғылды. Мерекеге ертегі кейіпкерлері Дин-дин мен Самсам 1-сынып оқушыларына қонаққа келіп таң-тамаша қалдырды.

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үні табысып отыр. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ата Заңымыздың 21 жылдығы, қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 21 жыл толуын абыроймен атқаруды Алла тағала нәсіп етсін.

Мектебімізде Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына» арналған салтанатты саптүзеу мен « Мен өз Отанымның патриотымын!» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.

Оқу жылының 1-күні №60 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына арналған ерлік сабағын ұйымдастырушы-педагог, АӘД пәнінің мұғалімі, майор Танекенов Ә.Т. өткізді. Жиынға арнайы шақыртумен:

Астана қалалық қорғаныс департаментінің полковнигі Лекеров Б.К

Идеологиялық және тәрбие іс-жөніндегі орынбасары, полковник Пернебеков Б.Е қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты жастарымызға ерлік пен батырлықтың мағынасын түсіндіру, әр қилы жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектесу болып табылады.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны