"Алаш қозғалысы және Алихан Бокейхан: қазақ мемлекеттігінің қалыптасу жолыңдағы күресі " атты Қазақстан тарихы пәнінен 7-8 сынып оқушыларына арналған қалалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысқаны үшін 8 сынып оқушысы Ахметова Аяулымға және мұғалімі Момынов М.Ұ. марапатталды.

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні»,

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелеріне орай

«Маңызды тарихи уақытта және де елдің тарихи тағдырында саяси алаңға қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев келгеніне ел бақытты. Ол «Ұлт қолбасшысы»- «Ел басы» құрметті атағына ие.
Екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін мектепішілік олимпиадасының қорытындысы бойынша орын алған оқушыларға грамоталар табысталды.
5а сынып оқушысы Алтынбек Даниял және 5д сынып оқушысы Қасымканова Диананы жеңістерімен құттықтаймыз! Спорттық бал билерінен өткен қалалық ашық клубтық турнирінде бірінші орынға ие болды.
Желтоқсан айының 5-ші жұлдызына дейін өткізілген сурет сайысына 1-4 –ші сынып оқушылары өте белсенділікпен қатысты. Оқушылар салған суреттен олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, тағзым ерекше байқалды. Әсіресе 4 «Ж», 3«Ж» сынып оқушылары өте белсенділікпен қатысты. Сынып жетекшілері: Оралды Алтынай, Әлиева Айғанысты атап өту қажет.

Хабар телеарнасының «Білім бағдарламасы» 2 желтоқсан күні бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе болып отырған «Мұғалім мәртебесі» айдарында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге арнайы қонақтармен бірге №48 мектеп-лицейдің математика пәнінің ардагер мұғалімі А. Қайырбекова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Капшаева барып қатысып келді. Бағдарламада қазіргі қоғамдағы мұғалім мәртебесін таразылайтын ой-пікірлерімен бөлісті. Еңбек тәжірибесіндегі шәкірт жетістіктерін саралап берді. Ұстаз беделі өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында көтеріліп отыратыны сөзсіз. Әрбір мұғалім өз мамандығының шебері болуы үшін оқушының жүрегіне жарық жұлдыз жаға білуі және өмірде өз жолын табуына көмек көрсетуі қажет.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны