Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.12.2016

Аудандық олимпиадада жетістікке жеткен оқушыларды құттықтаймыз!

Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз - деп ұлы Абай айтқандай, ғылымға жол ашқан мектебіміздің білімді оқушыларымен мақтанамыз! Білім саласында зор жетістікке жетіп, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңдер!

13.12.2016

Ғалымның «Харекет» кітабы жарыққа шықты!

Желтоқсанның 12 жұлдызы күні Ұлттық академиялық кітапханада  ЕҰУдоценті,филология ғылымдарының кандидаты  Темірбеков Омар Жалелұлының «Харекет» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.Бұл шараға №48 мектеп-лицейінен әдебиет сүйер оқушылар мен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Момынқұлова Алтын мен Қапшаева Гүлшат қатысты.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз-деп Абай ақын жырлағандай, дарынды, шешен, ғалым Омар Жалелұлының өмірін үлгі тұтайық!

13.12.2016

Қала әкімімен кездесу

Мектебіміздің үлгі тұтар шәкірті Тұрапов Мадиярдың  ішкі мәдениеті мен сыртқы тұлғасы үндесіп,мәдениеттілік пен ақылдылықтың сәйкес келуін оның бойынан көреміз.Дарынды оқыушылардың форумына қатысты, «Көшбасшы оқушы» конкурсында жүлдегер атанып, мектебіміздің  абыройын  асқақтатты. Үздік оқуы мен тәлімді тәрбиенің  нәтижесінде Мадияр Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған қала әкімі Исекешев Асетпен кездесу құрметіне ие болды.

13.12.2016

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Астана қаласы бойынша қайырымдылық көрсетуге ықыласты ұйымдар мен мекемелер баршылық.

«Мейірімді қала» қамқорлық акциясы шарасы мақсатымен колледж ұжымы мүгедек кісілерге әлеуметтік көмек көрсетті.

13.12.2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Желтоқсанның 12-күні №54 мектеп-лицейде А.С.Сейдімбектің 75  жылдығына орай «Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және Тәуелсіздік» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс шараның бір бөлімі «Ақселеу оқулары» жас мамандар арасында өтті. Біздің мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  жас маман Мәншүк Тілейхан қатысып, «Аққыз» повесінен үзінді оқыды. Сайыскерлердің ішінде Мәншүктің көркемсөз оқу шеберлігі, мәнері жоғары бағаланып, Бас жүлдені жеңіп алды. Жас маманды жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

13.12.2016

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық ынталандыру, Қазақстанның заманауи мектептерінің мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және зерттеу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2016 жылдың 7-8 желтоқсан күндері «Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді. Фестивалге мектебімізден ұстаздар қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Сагимбаева Дария Мухтаровна II дәрежелі  дипломмен,  география пәнінің мұғалімі Алиева Ляззат Нургалыковна  III дәрежелі дипломмен, педагог-психолог Нуриддинова Бақытгүл сертификатпен марапатталды.  Білім көшін жаңашылдықпен жылжытып келе жатқан ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

13.12.2016

2016 жылы 09 желтоқсанда № 29 орта мектебінде 9-шы сыныптар аралығында «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы-Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылы 09 желтоқсанда  № 29 орта мектебінде 9-шы сыныптар аралығында «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы-Мәңгілік Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

12.12.2016

«Мен тележүргізушімін» байқауы

12.12.16 күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мен тележүргізушімін» байқауы ұйымдастырылып, І орынды 8 «Ә» сыныбы, жетекшісі Э.Исабекова, ІІ орынды 11 «А» сыныбы, жетекшісі К.Уалкенова, ІІІ орынды 8 «Б» сыныбы, жетекшісі Б.Какимов жеңіп алды.

12.12.2016

«Мәңгілік арман –Мәңгілік күрес – Мәңгілік ел»

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай 12 желтоқсан № 65 мектеп-гимназиясында  «Мәңгілік арман –Мәңгілік күрес – Мәңгілік ел» атты мерекелік кездесу кеші өтті.

12.12.2016

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының оқытудағы рөлі

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәелсіздігінің 25-жылдығына  арналған  «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының оқытудағы рөлі»

атты қалалық семинары өтті. Мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа әдістерді  қолдануда. Тиімді технологиялардың бірі  ретінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы болып табылады. Сондықтан, аталмыш семинардың  Республикамыздың мерейтойы қарсаңында  өткізілуі орынды. Тиімді әдіс-тәсілдерді бірініші сынып оқушылары да қолдануда. Оны өз сабағында бастауыш сынып мұғалімі Исабаева Г.А. дәлелдей түсті. Ал төртінші сынып оқушылары осындай оқыту түріне бейімделген, өйткені олардың мұғалімі Балмуханова К.С. сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін аталмыш сыныппен бірнеше жыл қолданған. Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімдері  Жакупова С.А., Талдыбаева Ш.А., Калдарова Т.Д. өз сабақтарында СТО технологиясын қолдана отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік жайлы көзғарасын дәлелдей түсті. 3 деңгей мұғалімі Абсаттарова А.Н.-ның  «Ақселеу Сейдімбек  «Әйел-Ана»  тақырыбында өткізген сабағы балалардың көңіліне жылулық ұялата білді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, әрі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ергалиев Х.К. –та әдіс-тәсілдерді  танытуда орасан үлес қосты. Ол заман талабы болған көптілділікті меңгеруге баса назар аударды. Қазақ тілі мен дене шынықтыру пәндерін ұштастыруға бола ма? Әрине! Қазақ тілі пәні мұғалімі Муканова Д.М.-мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Торебеков А.И. кіріктірілген сабақ көрсетті. Қазақ тілі пәнінің  «Талаптыға нұр жауар» тақырыбы 5-6 сынып оқушыларының өз жетістіктерін көрсетуге септігін тигізді. Биология пәні мұғалімі Ахметова Л.Т.  5 сыныпта жаратылыстану сабағын өткізді. 3 деңгейлі мұғалімнің  қалалық семинарларға жиі қатысуы сабақтың сапалы болуына үлес қосты. Семинардың шыңы ретінде қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметова Г.С., тарих пәні мұғалімі Мусатаева М.К. және ән-күй пәні мұғалімі Сабитов Г.М.-ның жетекшілігімен «Тәуелсіздік – ақ таңы ғой азаттықтың»   тақырыбында өткізілген әдеби-музыкалық   қойылымын жатқызуға болады. Балалардың актерлық шеберлігі, орындаған әндер мен өлендері көрермен қауымның көңіл-күйінің ырғағы болды. Бұл семинардың өткізілуіне біз мақтана  алатын, өз шеберлігін таныта білетін, дарынды балалардың қатысуы мұғалім  шығармашылығын  асқақтата түсті.

Бүгінгі семинардың қонағы болып, Астана қаласы ББ-ның  әдіскерлері Куандыкова А.Б., Мендыбаева А.Т. және №16,22,28,32,48,54,60,64,84 мектеп  мұғалімдері қатысты.

Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Алибекова Г.З.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны