Бүгін №81 гимназияда мектепішілік «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;

Бүгін мектебіміздің салтанат залында Сарыарқа ауданы бойынша №9 сайлау округының қалалық мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Султанович кездесу өткізді. Жиынға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры халық қалаулысын көпшілікке таныстырды. Мәслихат депутаты елбасының жолдауында көрсетілген адами капиталға байланысты өз ойын білдірді. Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына да жауап берді.

№3 мектеп-гимназиясының 4б сынып оқушысы Козлова Анжеликаны каратэдан өткен Республикалық жарыстан үшінші орын алуымен құттықтаймыз.

Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 1-8 күндері аралығында республикалық «ЭКСПО-2017: МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» атты қашықтықтан байқауы өтті. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.

2017 жылдың 07 ақпанында Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына кері әсері тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында мектеп инспекторымен бірге түсіндіру жұмысы жүрді.

№74 мектеп-гимназиясының базасында "Алматы" аудан әкімінің Оңтүстік-шығыс,Сарайшық ықшам аудандарының, Момышұлы, Қошқарбаев даңғылдарының, Қордай Байтұрсынов, Айнакол және тағы басқа көшелерінің тұрғындарымен кездесу.
04.02.2017 №3 мектеп-гимназиясының 5-11 сыныптарында ҚР Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын талқылауға арналған сынып сағаттары өткізілді.

Колледж кітапханасы 02.02.-13.02.2017ж. аралығында өтіп жатқан онкүндікке қатысты. Онкүндік тақырыбы: «Самопознание: педагогика любви и творчества»,

Ақпан айының 4-ші жұлдызы күні 1-4 сыныптар арасында «Мейірім шуағы» тақырыбында жәрмеңке өтті. Жаны жайсаң,жүрегі жомарт ата-аналар баршылық екеніне көзіміз жетті. Іс-шараны жақсы ұйымдастырып, көңіл-күй сыйлаған 1Е сынып жетекшісі Тулеубаева Айслу Ғалымжанқызы, 1Ж сынып оқушысы Дилдабаева Мадина Бахтиерқызы болды. Жәрмеңке барысында әр сыныптан оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
"55 шамшырағы" желілік қауымдастығы бойынша денгей оқыған ұстаздарымыздың бірлесе атқарған жұмыстары туралы "Сапалы оқыту" атты дөңгелек үстел өткізілді. Алдын-ала ұстаздар, ата-аналардан,оқушыдан сауалнама алынып, сол арқылы сауалнамадағы мәліметтерді қарастырдық. Отырыс барысында оқушы, ата-ана, персонал тарапынан алынған мәліметтер талқыланып, сауалнамаға қатысқан әрбір респондент жауаптарының жалпы мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесін дамыту үдерісінің маңызды элемент екендігіне көз жеткіздік.Педагог мамандардың оқу тәжірибесін жақсарту үшін үздіксіз дамуына қолайлы жағдай жасау, қамтамасыз ету, бөлінген көшбасшылықты іске асыру мақсатында өткізілетін жеті модульді қамтитын «Сапалы оқыту» атты жөңгелек үстел барысында "55 шамшырағы" қауымдастық желі бойынша тәлімгерлер және тәлім алушы ұстаздармен талқыланып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Математика пəні мұғалімі Абдрахманова Шамшия деңгейлік жоспар бойынша орыс сыныптарына ашық сабақ өткізді. Барлық бала белсене қатысты. Уакыттын да калай өткенін байкалмай қалды. Үшбұрышты фигуралардағы есепті шығару арқылы топқа бөлінді.Əр тапсырма желісі əртүрлі суреттер құрастыру жане сол суреттер желісі арқылы болды.

Утаева Гулим Кайремжанова 9 «В» сынып окушыларымен деңгей бойынша физика пəнінен ашық сабақ өткізді. Сабаққа деңгей ұстаздарынан бөлек ұстаздарда қатысып тəжірибе алмасты. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Оқушылардың топтық жұмыс түрлерін каншалықты меңгергендігі байкалды.
Оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне қатыса отырып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, мақсат қояды, нәтижелерін қадағалайды, эксперимент жасайды және топтық жұмыста өзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге мүмкіндік алады.Осы әрекеттер топтық жұмыста жүзеге асады.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны