Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.02.2017

«Жыл оқушысы» байқауы

Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Жыл оқушысы» байқауы өткізілді. Өткізудегі мақсат: оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.  Байқау 4кезеңнен тұрды. І кезең оқушылардың білім деңгейі сыналса, ІІ кезең видеовизитка дайындап, үздіктері финалға өтті. Соңғы кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, 1 минуттық сөз сөйледі. «Ең үздік өнер» номинациясына 9«А» сынып оқушысы Қайратұлы Таңат, «Ең үздік оратор» номинациясына 10«А» сынып оқушысы – Байманова Ажар, «Ең үздік видеоролик» номинациясымен  10«Д» сынып оқушысы – Бузданова Камила марапатталды.  «Жыл оқушысы» атанған 8 «Д» сынып оқушысы – Жанат Ерасыл.

18.02.2017

Ал, қане, жігіттер!

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану бөлімінің он күндік аясында 2017 жылдың 17 ақпан күні арнайы пәндер оқытушысы Б.Б.Курманалиев, Г.Н. Байгужина 3 курс топтары арасында «Ал, қане, жігіттер» сайысын өткізді.

18.02.2017

№10 мектеп гимназиясы ММ "Мектептегі өрт қауіпсіздігі " тақырыбында сабақтан тыс шара өтті.

№10 мектеп гимназиясы  ММ "Мектептегі өрт қауіпсіздігі " тақырыбында сабақтан тыс шара өтті. Мектепте өрт болып жатқан жағдайда не істеу керек ? Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда, оларды эвакуация жасауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондақтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.

17.02.2017

Қалалық семинар

17.02.2017 күні Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінде "Көптілділік-бәсекеге қабілеттіліктің негізі" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Семинар барысында 3 тілде ашық сабақтар, көркемөнерпаздар ұжымының шығармашылығы, сондай-ақ оқушылардың өз қолдарымен жасаған техникалық бұйымдар көрмесі келген қонақтардың көңілінен шықты. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері қатысып өз ойларымен бөлісті.

17.02.2017

Интерактивті сабақ

№60 мектеп-лицейі 16 ақпан сағат 10.00-де есірткінің алдын алу шеңберінде онлайн интерактивті сабақ өткізді. Бұл сабаққа ІІД Есірткі саудасымен күрес басқармасы полиция майоры Нургазина Алия Кибатовна, дәрігер-нарколог Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы, №60 МЛ ата-аналар комитетінің мүшесі Байбуза Лариса Григорьевна қатысты. Іс-шараның қонағы Қазақстан «StreetWorkOut» бас бапкері: - Айтым Жақыпов болды.

17.02.2017

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының Кітапханасы Музейінде экскурсияда болды

2016 – 2017 оқу жылы 15 ақпан күні Астана қаласы Білім басқармасы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының бекітілген жоспары бойынша мектебіміздің 5 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының Кітапханасы Музейінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында Музейдің жұмысымен, тарихи құжаттармен, Елбасының қызмет атқарған жылдардағы суреттерімен, «Алтын киімді адам», атақты спортшылардың жетістіктерімен т.б. экспонаттармен танысты. Экскурсияға 28 оқушы және 5 «А» сынып жетекшісі Габдуллина Б. К., тәлімгер Жанкулова Г. О. қатысты.

17.02.2017

«Есірткі заттарын қолдану профилактикасы және олардың анаголтары» тақырыбында онлайн түрде өткізілген интерактивті сабақ

17.02.2017 жылы №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары және мектеп психологі Л.А.Вишневская, медицина қызметкері К.Ибрагимова Астана қаласының Білім Басқармасы есірткі бизнесіне қарсы Күрес Басқармасымен бірлесіп өткізген «Есірткі заттарын қолдану профилактикасы және олардың анаголтары» тақырыбында онлайн түрде өткізілген интерактивті сабаққа белсенді түрде 35 адам қатысты.

17.02.2017

Жас математиктер

Математика, физика пәні бойынша апталық арасында  "Жас математиктер" бастауыш 3-4 сынып оқушыларына арасында математикалық апталық жүргізді. Мақсаты:   Оқушылардың интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру.
Жас математиктер 10 сынып оқушылары Дүйсенова Малика , Бекпосынов Азамат, Масақбаев Дамир өз жоспары бойынша жұма, сенбі күндерін белгілеп, үлгерімі төмен оқшыларға көмек көрсетуге дайын екенін атап айтты.  Оқушылар әр сыныпты аралап, сандар түрлерін ажырату, көбейту мен бөлудің ең тиімді тәсілдерін шығару жолдарын түсіндіріп, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсете білді.  Сабаққа үлгермеудің себебі көп. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Сынып бойынша «Математикалық жұмбақтар», Математикалық жаңылтпаштар, «Пингвиндер сайысы» атты ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысты.Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгерімін жақсартуға көмектеседі. Жас математиктерге сәттілік тілейміз!

17.02.2017

Мұқағали оқулары

«Аққулар қанатына жазылған жыр» атты М.Мақатаевтың туған күніне орай мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

М. Мақатаев оқуларына қатысатын оқушының жан-жақты дарынды поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық талабы болуы керек. М. Мақатаев оқуларына қатысушы үміткер ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығын жақсы білуі керек және кез келген өлеңін талдай алуы қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны