5-11 сынып оқушылары әйелдер мерекесіне арналған плакаттар шығарды, олар 3 қабаттағы қабырғаларда ілінді.
07.03.2017 жылы эстетикалық бағыттағы пәндер онкүндігі барысында мектебіміздің бірінші қабатында әсем әуенмен қыздар өздерінің технология сабағында және әжелері мен аналарының көмегімен жасалған жұмыстарын көрме-жәрмеңкесінде ұсынды.
Конкурстың мақсаты: махаббат пен табиғат сезім тәрбиелеу, қоршаған әлемнің сұлулығын бағалай білу, тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату мәселесіне назар аударту үшін. Барлық сыныптар бұл сайысқа жауапкершілікпен, жақсы идеялармен көзге түсті.
Оқушыларды жан – жақтылыққа, ақыл–ой мен зияткерлікке тәрбиелеу мақсатында 4-сыныптар арасында Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы, Мырышпаева Асем Асенгазыевна ұйымдастырылуымен «Білгірлер» сайысы өтті. Сайысқа «Тапқырлар» тобы, «Алғырлар» тобы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

«Баласы кітап оқыған ел» бақытты деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағылымды сөзі бар. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, рухани байлыққа тәрбиелеу мақсатында Ахметкалиева Мара Жамбылқызы, Шаленова Алия Айткенқызы 3-сыныптар арасында «Поэзия» жәрмеңкесін өткізді. Поэзия – әдебиеттің өлең түріндегі үлгісі екенін оқушылар жақсы біледі. Әр сыныптың талапты, талантты балалар қатысқан жәрмеңкеде оқушылар өз шеберліктері мен ізденістерін көрсетті.

8 наурыз мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары мектеп ұстаздарына мерекелік концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар бір қатар мектеп ұстаздары мереке қарсаңында Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.Марапатқа ие болған ұстаздарымызды құттықтаймыз!

Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген сый - құрметтерін арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

8 наурыз мерекесі қарсаңызда кітапхана ұйымдастырған 5 наруыз күні 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», сынып оқушыларының қатысуымен ананы дәріптеуге, құрметтеуге арналған «Ана-гүл, ана-жыр,ана-өмір шуағы» тақырыбында ойын –сайысы болып өтті. Көрермен ретінде мұғалімдер мен сынып жетіншілер мен оқушылары қатысты.Оқушылар барлық бес бөлімнің шартын орындады. Әділ қазылар алқасы: Бірмағанбетова Ә, Бибазарова Р, Ақсамбиева Ә.

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Зерде аруы -2017»қыз сыны сайысы

07.03.17 күні 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерекеңмен, сүйікті анашым!» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Концертке барлық сыныптардың ата-аналары, сондай-ақ білім саласында көп жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар шақырылды.

Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде көптеген іс-шаралар өтті. «Біз мектептің гүліміз» атты сайыста 5-7 сыныптың қыздары ана туралы өлеңдер оқып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ал «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Есенбаева Роза Түзелбайқызының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптың қыздары арасында «Қыз өмірдің гүлі» атты қыз сыны байқауы өткізілді.

7 наурыз 2017 жылы мектепте «Жан ана»атты 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны