19.04.2017 жылы №3 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған «Есірткісіз әлем!» Халықаралық есірткіге қарсы акциясының он-Лайн сабағына қатысты.
02.05.17 күні Астана қаласы №84 мектеп-лицейінің директоры Жусупова Зауре Ғинаятқызы қазақстандық делегациямен бірге Дубай қаласында болып шейх Мухаммед бен Рашид аль Мактум басшылық ететін мектепте болды. Сондай-ақ қоғамдық кітапханада болып, қазақ әдебиетінің бай мұраларына арналған бұрыштың ашылуына қатысты.Бұл кітапханада әлем халықтарының рухани бай қазына – кітаптары жинақталған.<br /><br /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news/347.jpg" alt="" width="1134" height="916" /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news/348.jpg" alt="" width="850" height="1137" /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news/349.jpg" alt="" width="850" height="1137" /><img src="http://84.astana-bilim.kz/files/sites/1476786863165352/files/images/ru/news/350.jpg" alt="" width="850" height="1137" />
Астана қаласы №55 орта мектепте 1 мамыр куніне орай "Ұлттар достығы" атты ұлттар биі сайысы өткізілді. Алдын ала жеребе бойынша анықталған ұлттар бугінгі куні өз өнерін ортаға салды. Сайыс ережесі бойынша таңдалған ұлт тілінде сөйлеу барлық қатысушыларға қызықты болды. Сайыс өз мақсатына жетті.
№55 орта мектепте "Биле 55" атты заманауи жастар би сайысы уйымдастырылды. Ұйымдастырушы би мұғалімі Исаева Талшын. Оқушылар белсенді қатысып 1 орын 7 ə сынып, 2 орын 7 а, 5 б сынып, 3 орын 6 ə сынып оқушылары иемденді.
№55 орта мектепте " Айгөлек " журналының бас редакторы, ақын Қымбат Əбілдəқызы келіп, балалармен кездесу ұйымдастырылды. Балалар өздерінің шығармашылықтарымен таныстырып, өздерінің өлең шумақтарын ортаға салды.
№55 орта мектепте "Мектептің білім мазмұнын жаңарту аясындағы жұмыс" атты педагогикалық кеңес өткізілді. Сыныптар сапасы салыстырылып əр тоқсан сайын шығып отыратын рейтинг жүйесі де айтылып өтті.
<p><strong>Астана қаласы №54 мектеп-лицейінде қалалық сенбілік өткізілгені жөнінде ақпарат</strong></p>
Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында 29 сəуір күні "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне" орай мектебімізде жыл бойы жүргізілген үйірмелердің есебін көрсету мақсатында "Татулық-достықтың алтын бесігі" атты ата-аналар мен ұстаздарға арналған мерекелік іс шара болып өтті.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектебімізде 28-ші сәуір күні «<em>Достық</em>» фестивалі өткізілді. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы, берекенің ұйтқысы,бірліктің қайнар бұлағы. 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жандарды құшағына сыйғызып отыр. Ынтымақ пен бірліктің алмайтын асуы,жеңбейтін қиындығы жоқ. Осы құндылықтарды өмірдің өзегіне айналдыру мақсатында мектебімізде <em>«Бір шаңырақ астында»</em> тақырыбымен «<em>Достық</em>» фестивальін өткізу дәстүрге айналған. 9-10 сыныптар арасында өткен іс-шараның мақсаты оқушыларды достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу болды.
№48 мектеп лицейінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отаның қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Осы мерекеге ардагерлер ұйымынан «Әнім Астана » ансамблі мерекелік бағдарламала ұсынып, домбырамен, баянмен күмбірлетіп ән салды.10 «А» сыныбының ұйымдастыруымен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шара соңында 11-ші сыныптардың оқушылары мерекелік дастархан жайды. Ардагерлеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді.Жас ұрпақ әрқашан ардагерлерімізге құрметпен қарап, ұлы істерін мақтан етеді!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны