Астана қаласы №54 мектеп-лицейінде 13.05.2017 ж. қалалық сенбілік өткізілді
2017 жылғы 12 мамырда Астана қаласының «Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп»
2017 жылдың 9 мамыр күні №3 мектеп-гимназиясының оқушылары ата-аналарымен "Бессмертный полк" акциясына қатысты.
№3 мектеп-гимназиясының 5б сынып оқушысы Сатбай Жумағазыны каратэден өткен жарыстан үшінші орынға иеленуімен құттықтаймыз!!!
№3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары Аманкулов Даир, Тунников Артем және Мухамеджанов Сергейді қалалық «Жас техник» байқауының «EXPO-2017» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз. Жетекшісі: Амирханов С.Н.

2017 жылғы 12 мамырда С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтті. Мектеп директоры А.Т.Сегізбай жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара алғаш рет өтіп жатқандығын хабарлады. Жиналыста мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі, ҰБТ жаңа форматы туралы сұрақтар қарастырылды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша мектеп жанынан құрылған «Бақытты жол» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Е.Руденко сөз сөйлеп, ата-аналар қоғамдастығын кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылады. Әрі қарай оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары З.Алимова қазақстандық білім жүйесіндегі көптеген өзгерістер енгізілгені туралы хабарлап, ҰБТ жаңа форматымен таныстырды.

Жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында мектеп инспекторлары А. Туарбаева және Б.Сарсекеева «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып, қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырды. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алып, іс-шара көңілдерінен шықты.

17 сәуірден 28 сәуірге дейін "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде" "Қызмет көрсету сапасын арттырудағы Халықаралық әріптестік" тақырыбында Республикалық семинары өткізілді.

12.05.17 күні ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ата-аналардың алғаш жалпыұлттық жиналысы Астана қаласындағы № 84 мектеп-лицейінде жоғары деңгейде өткізілді. 1 - 11 сыныптардың ата-аналары қатысқан жиналыста лицей директоры Жусупова Зауре Гинаятқызы жүргізіп, ата-аналарды жиынның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Оқу ісінің орынбасарлары өз кезектерінде жаңартылған білім мазмұны, ҰБТ, қамқоршылық кеңестер туралы кеңінен ақпараттар берді. Жиын соңында қатысушылардың дауыс беруі арқылы Қамқоршылық кеңестің мүшелері сайланды. Осы сәтті пайдаланып мектеп басшысы З.Жусупова мектеп ауласына 25 түп емен ағаштарын отырғызуға көмек көрсеткен ата-ана Қуанышев Асқар Жекебайұлына мектеп ұжымы атынан алғысын білдірді. Жиналыс ата-аналардың қызу қолдауымен аяқталды.

Қаламызда "Astana жұлдыздары" атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы өтті. Біздің мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Жансейтова Айнұр Орынбековна шәкірті 1 "А" сынып оқушысы Шаяхметова Анельмен қатысып, "Дәстүрлі ән" номинациясында 1 орынға ие болды. Айнұр мұғалім қуанышыңызға ортақпыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы ата-аналар жиналысы мектебіміздің салтанат залында өтті. Алғашқы сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызына берілді. Мектептегі қамқоршылық кеңестің орны, оқушылардың оқу үлгерімі, «Start school: сүйікті мектебін жетілдіруге қатысыңыз», «Мектепке кітап сыйла», «Мектептің болашағы үшін» акциялар туралы мәлімет берді. Ата-аналарға акциялар жайында кеңінен түсіндірді. Кітапхананы әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ету керектігін айтты.

Мектебімізде халықаралық отбасы күніне арналған мектепішілік «Шаңырағым – шаттығым!» отбасылық сайысы өтті. 5-сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқан сайыстың қорытындысы бойынша І орынды 5 «Г» сыныбының Батырбековтер отбасы иеленсе, ІІ орынды 5 «Ә» сыныбының Мұхамедқалиевтер отбасы мен 5 «А» сыныбының Самибектер отбасылары бөлісті. ІІІ орын 5 «Д» сыныбының Иманғалиевтер отбасысына бұйырды.

Астана қаласының №65 мектеп-гимназиясында мамырдың 12 күні Республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп ұжымы және 143 ата-ана қатысты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны