С. Мәуленов атындағы № 37 орта мектепте 1 «Д» сыныбында Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай концерт өткізілді. Бұл концертке бірінші сыныптар өз аталарын, әкелерін және ағаларын шақырды. Мереке өте жоғары деңгейде өтті.

Асанова Ж.К.

4 «А» сынып оқушысы – Мәдиқызы Тоғжан мектеп әкімшілігін зор қуанышқа бөледі. Қалалық «Сөз-мерген» танымдық олимпиадасында жүлделі І орын алды. Сынып жетекшісі Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызының да төккен терінің жемісі. Тоғжанның алар асуы әлі көп. Мектеп мақтанышы болып, жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атана бер демекпіз!

2017 жылдың 12 мамыры Алматы қаласында «Үш тілді оқытудың тілдік стандарт біртұтастығының оқу нормасы мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту шарттарының бірі ретінде» Республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге облыстық Білім беру Басқармалары мектеп бөлімдерінің жетекшілері, мектеп кітапханашылары, қазақ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, ағылшын тілі мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Астана қаласында өткен Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана жұлдыздары» байқауына бастауыш сыныптардан 6 оқушы қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Жалпы 280 оқушы өз бағын сынаған бұл байқауда мектеп мерейі үстем болды. «Көркем сөз», «Вокал» жанрларына қатысып, жұлдыздай жарқыраған оқушыларымызға әлі де толағай табыстар тілейміз.

Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының теориялық негізі – алаш арыстарының педагогикалық ой-тұжырымдары» атты сегізінші республикалық форумы өтті.
2017 жылдың 29 сәуір күні Мемлекеттік Академиялық Орыс Драма театрында №3 мектеп-гимназиясының ең үздік оқушылары мен олардың ата-аналарына «Жұлдызды шашу» салтанатты жиын өткізілді. Елордалық театрымыздың көрермен залында бос орындар болмады. Бұл жылы Республикалық және қалалық олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары өте көп болды. Керемет әуен мен би бұл тамаша кешті әсемдей түсті.
Аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 110 жылдығына орай өткізілген I қалалық "Roboskills" техникасы фестивалінде шығармашылық белсенділік танытып, робот техникасының білімдік мүмкіндіктерін көрсете білгені үшін, сызық бойымен жарыс бағыты бойынша 2-ші орынды иеленген оқушыларымызды құттықтаймыз! Жетекшілері: Бекботаева Анапия Асанқызы, Кыдирова Сандугаш Айдарбековна.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны