Жаз қызығы телегей,

Мүмкін емес тауысу.

Сәті туды мінекей,

Мектебіммен қауышу.

Ол да бізді күтеді,

Айқара ашып есігін.

Дүрсілдейді жүрегі,

Бар баланың осы күн.

02.09.2017ж. білім күні қарсаңында Астана қаласы №84 мектеп-лицейі өз оқушыларына құшағын айқара ашты. Мектеп алаңында 1, 10,11 - сынып оқушылары үшін 2017-2018 оқу жылының басталуына орай «Алғашқы қоңырау» салтанатты сап түзеу ұйымдастырылды. Салтанатты сап түзеуге қатысқан оқушыларды Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Экс-депутаты Бимендина Асима Темкеновна құттықтады. Білім күніне орай өзге сынып оқушылары үшін «Мен – Патриот-Азамат» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.

Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебіне оралған оқушылары үшін С.Мәуленов атындағы 37 орта мектепте "Білім күні" мерекесіне арналған салтанатты саптүзеу өтті.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралды.2017-2018 оқу жылы № 80 мектеп-гимназия табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар үшін ерекше маңызды болды.

02.09.2017 ж. №38 мектеп-лицейінде Білім күніне арналған "Сыңғырла, алғашқы қоңырау !" атты салтанатты саптүзеу өткізілді.

Қыркүйек айының 2-інші жұлдызы еліміздің түкпір-түкпірінде Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтті. Астана қаласының Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебі де есігін айқара ашып, 400 бүлдіршінді 1 сыныпқа қабылдады. Сонымен қатар "Руxани жаңғыру" бағдарламасының аясында осы күні мектепте ресми түрде ақын, публицист, майдангер Сырбай Мәуленов мұражайы ашылды. Мұражайдың ашылуының құрметті қонақтары қалалық маслиxаттың депутаттары Аюпов Аман Біләлұлы мен Төлеутаев Мұxтар Есенжанұлы, ақынның немересі Арлан Ғазизұлы мен немере келіні Арай болды. Экскурсоводтар ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, мұражай экспонаттарымен таныстырды. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы өзінің қуанышын көпшілікпен бөлісіп,алғысын білдірді. Ақынның немерелері біз естімеген тың деректермен бөлісті. Қонақтар естелікке өз қолтаңбаларын қалдырды.

Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша Білім күні аталып өтті. Салтанатты жиынға арнайы қонақтар мен ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі. Ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеубек Ысқақұлы оқу жылының басталуымен құттықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздарға алғысын білдірді. Білім күніне арналған тәрбие сағаты «Мен – патриотпын!» тақырыбында өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны