Халықаралық қарттар күніне орай №69 мектеп-гимназияның мәжіліс залында 7-сыныптар арасында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты әдеби-сазды кеш өтті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ 5-жылдығына орай «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына №48 мектеп-лицейден ағылшын тілі мұғалімдері Булебаева А.К және Аяшов Е.Н. қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Булебаева А.К «CLIL как качественный подход в обучении предмету «География» в условиях трехъязычия» тақырыбында, Аяшов Е.Н «Ағылшын тілі сабағында «Kahoot» сервисін қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Ұстаздар күніне орай, мектебімізде "Ұстазым саған арнадым" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мектеп оқушылары белсене қатысып, жүрек жарды ізгі тілектерін білдіре отырып, өнерлерін көрсетті. Ән мен күйге ұласқан оқушыларымыздың өнерлері ұстаздар қауымын қуантты. ұстаздарда шәкірттеріне алғыстарын білдірді.
29-қыркүйек күні №65 мектеп-гимназиясында «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шара өтті.

Қыркүйек айының 29-ыншы жұлдызында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде ұстаздар құрметіне арналған «ЕҢ АЯУЛЫ ЕСІМ ҒОЙ ҰСТАЗ ДЕГЕН» мерекелік концерті өтті. Мерекелік кеш мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызының жүрекжарды тілегімен басталып, ұлағатты ұстаздық жолға өмірін арнаған, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін мұғалімдерді марапаттаумен жалғасты.

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» сияқты теңеулерге лайықты ұстаздарымызды шәкірттері де құттықтап, жылы лебіздері мен асқақ махаббаттарын әсем ән мен би арқылы жеткізді.

Шәкірттеріне мейірімді, сөзіне берік, жаны жомарт, ойы өткір ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз!

19 жетекші астаналық мектеп ақшалай жүлделермен марапатталды. Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, астанада ең үздік білім беру ұйымдарын марапаттағанын жеткізді. Қала басшысының гранттарымен бес номинация бойынша мекемелер және педагогтар атап өтілді. «Ең үздік мектеп» атағына №3 мектеп-гимназиясы, ал ең үздік мектепке дейінгі білім ұйымы атағына №37 «Арман» балабақшасы ие болды. Ең үздік қосымша білім беру ұйымы Балалар көркемсурет мектебі танылды, «Гуманитарлық колледж» МКҚК «Ең үздік колледж» атағына ие болды және «№1 психалогиялық-педагогикалық түзету кабинеті» МКҚК ең үздік арнайы ұйым деп танылды. Іс-шара шеңберінде балаға білім беру және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижеге жеткен педагогтарды Білім және ғылым министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрмет төсбелгілерімен марапатталды. Ең үздік мектеп ұжымына алты миллион теңге көлемінде грант берілді. Сонымен қатар, Астананың 19 жетекші мектебі ақшалай жүлделермен аталып белгіленді. Олар жаңартылған білім беру мазмұны, халықаралық стандарт және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» менеджменттің енгізу шеңберінде жемісті жұмыс атқарды. Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен сүйемелденді. Баспасөз қызметі астананың білім беру жүйесінде 15 мың педагогикалық қызметкер бар екенін және оның ішінде 87 пайыз – жоғары білімі барлар екенін атап белгіледі. Соңғы 5 жыл ішінде еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін екі мың педагогикалық қызметкер атап өтілді, оның ішінде 123 – төсбелгілерімен, 117 – мемлекеттік наградалармен, 170 – ҚР БҒМ құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, 125 – қала әкімінің алғыс хаттарымен және 1450 педагогикалық қызметкерлер – білім басқармасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Мектебіміздің салтанат залында қарттар күніне арналған «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш өтті. Мерекеге Көктал кентінің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ештанаев Жазыбек Опиұлы жиналған қауымды мейрамдарымен құттықтады. Кешке келген қонағымыз Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы қарттарға жүрекжарды тілегін білдірді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны