Сыныптас тыс шара. Музыкалық-әдеби кеш.

Қалалық «Менің таңдауым – педагог» онкүндігінің аясында 2017 жылдың 20 қарашасында колледж Астана қаласының жас мамандарына арналған педагогикалық шеберлік күнін өткізді.

Мектебіміздің 10жылдық мерейтойына арналған 7"В" сыныбының " Менің сүйікті мектебім" тақырыбына арналған сынып сағатынан көріністер.
Оқушылар өздерінің сүйікті мектебіне аиналған өлеңдерін оқып, дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Мектебіміздің 10 жылдық мерейтойына арналған «Мектебім-жүрегімде мәңгі орын алады» тақырыбында өткен сынып сағатына оқушылар жоғары деңгейде дайындалып келіп, бір-бірлерімен мектебіміз жайлы мәліметтер алмасты.

1.Мұстафин Алишер- қалалық «Математикалық сайыс», 3 «В» сыныбы, ІІІ орын.

2.Мұстафин Алишер- халықаралық «Шексіз математика» байқауы, ІІ орын.

3.Нәрік Сабыржан- қалалық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы, І орын,

4.Нәрік Сабыржан- қалалық «Әкелер слеті», І орын,
5.Өтеубай Тәуежан- республикалық «Дарабоз» орталығы ұйымдастырған ээсе байқауы, І орын

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру" мақаласындағы жобаларды іске асыру мақсатында өткен қалалық НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? зияткерлік ойынына белсене қатысып, №18 орта мектеп командасы 3-ші орынға ие болды. Жетекшісі Әбілдаев Бауыржан Әлиұлы

Мектеп кітапханасында «Елорда мерейтойынан мектеп мерейтойына», «Алтын ұя мектебіме – 10 жыл» атты көрме жасалып, мектеп оқушылары мен мұғалімдері назарына ұсынылды.

20 қарашада 9 қазақ сыныптары аралығында «БІЛІМ МЕН ПАРАСАТ» Зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу, мектеп заңдарына бағынуды үйрету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Жауапты 9«Ә» сынып жетекшісі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы. Жүргізушілер 9«Ә» сынып оқушылары болды. Сайыс Ү кезеңнен тұрды. 1-кезең: топтардың өздерін таныстыруы. 2-кезең: "Ойды аяқта". Барлық топқа ортақ, мақал-мәтелдің жартысы оқылды, ал қатысушылардың міндеті сол мақалдың екінші жартысын тауып, жалғастыру еді. Ойлануға 5 секундтан артық берілмейді. 3-кезең: «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 4 сұрақтан қойылады, қатысушылар сұрақтарға мейлінше тез және нақты жауап беруі тиіс. 4-кезең: "Заң сөйлесін" кезеңінде әр топ өзіне берілген тақырыпты заң жүзінде түсіндіріп, қорғай білді. Ойлануға, топ арасында талқылауға 3 минут берілді. 5-кезең: "Ашық микрофон" кезеңі әр топқа өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік берілді. "Өз құқығымды білемін, басқаның құқығын құрметтеймін" тақырыбына байланысты әр топ өз ойларын білдіре алды. Сайыста І орын иеленген 9«Б» сыныбы, ІІ орын 9«В» сыныбы, ІІІ орын 9«И» сыныбы. Сыныптар арасында ерекше ат салысып жақсы қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздарымен мараппаталды. Сайыс соңында 9«Ә» сынып оқушысы Балгожин Рамазан «Мен, сен - бәріміз» әнімен аяқтады.

2017 жылдың 16 қарашасында «17-қараша- студенттер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында, техникалық және кісіптік білім беру оқу орындарының арасында MEGA Silk Way СО-да «Жастар фестивалі» өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны