Жасыл сабақ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті «Қазақстан -2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің, Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жасыл сабақ » оқу әдістемелік құралын пайдалана отырып «Жасыл- яғни үнемді» сынып сағатын мектебіміздің 2-4 сыныптарында өткізілді.

Оқушылар өз ойларын ауызша жеткзіп, ой бөлісті. Содан соң, флипчартқа түсіріп, постер қорғап шықты. Аталған сынып сағатын өткізуде бастауыш сынып мұғалімдері С.А.Сексенбаева, Г.А.Ахметова, Р.М.Ахметбековалар белсенділіктерін танытып, сабақ өз мақсатына жетті.

Мектебіміздің салтанат залында 5-сыныптар арасында «Ойнайық та ойлайық!» зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа әр сыныптан 6 оқушы қатысты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орынды 5 «Г» сынып оқушылары иеленді. ІІ орынға 5 «Б» сынып оқушылары мен 5 «В» сынып оқушылары жайғасты. ІІІ орын 5 «А», 5 «Ә», 5 «Д» сынып оқушыларына берілді.

«Спорт-денсаулық кепілі» деген қағиданы ұстана отырып, үстел теннисінен сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайысқа мектебімізден 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша, мектеп құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 3-орыннан көрінсе, жекелей 9 «Ә» сынып оқушысы Каирбеков Альтаир 3 орын, 8 «А» сынып оқушысы Кульчикова Асель мен Шәкар Ерасыл 2 орынды иеленді.
81 "Astana English School " гимназиясының 5 "А" сынып оқушысы Дюсембаева Алуа 24 қараша күні өткен "АБЫЗ ДОМБЫРА " ІV күйшілер мен дәстүрлі əншілер байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Алуаны тағы да бір жеңісімен құттықтап, алдағы өтетін басқа да байқауларда топ жаруына тілектеспіз. Байқауға дайындаған ұстазы Қарлығаш Сталбекқызына алғыс білдіреміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлық таныту істеріне төзбеушілікті қалыптастыру мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 29 қараша күні ТІЖ директордың орынбасары А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс аясында №37 орта мектеп көшбасшылары «Менің қажеттіліктерім мен тілектерім», «Жемқорлықтың себептері», «Азаматтық қоғам және жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ой қозғады.

Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңын қарастырып, мектептің бас заңгері 10 «Ә» сынып оқушысы Тлегенова Амина сол заңда қамтылған ұғымдарға тоқталды.

Сонымен қатар құқықтық тәрбие беру мақсатында Мектептің «Жас Ұлан» ұйымы және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері де ақпараттық стенд безендірді.

Астана қаласының білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі аясында өткізілген «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» қалалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 10 «Б» сынып оқушысы Айткожин Аксултанды құттықтаймыз! Биік шыңдардан көріне бер!
Бүгін, 2017 жылдың 29 қарашасында сағат 11.00-де, 10 және 11 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбына байланысты акт залында лекция өтті.

Астана қаласы білім беру ошағының бірі «Көпбейінді колледжі» қабырғасында 2017 жылы 29 қараша күні жоспарлы түрде колледж 3 курс студенттері мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты” атты іс-шарасы өткізілді.

2017 жылдың 29 қарашасында 8 орта мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру мақсатында семинар -лекция өтті.

2017 жылдың 29 қарашасында 8 орта мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру мақсатында семинар -лекция өтті.Жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп,небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп,қайда мол қаражат,пайда болса,сол жерге тамыр жайып,бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев өзінің «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарына қосылу стратегиясы,Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дəйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігі туралы баса назарда айтылды.

Оқушылар жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастырудың алғышартын жасады.Өз ойларын еркін жеткізе білген биылғы жылдың түлектері əрбір сəттің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары О.С.Шаханов оқушыларға өтілген семинар -лекция арқылы «Қазақстан-жемқорлықсыз мемлекет» атты ұранмен үздіксіз жұмыс барысын қолға алу керектігін айтты.

"Көңілдің асыл пернесі" атты Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығы Елбасы күніне орай өткізілген
1-ші Республикалық байкауына белсене қатысқаны үшін №55орта мектептің оқушысы Садыкова Наргизді және дайындаған музыка пәні мұғалімі Исаева Нейля Улыкбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жансын!
Кунделікті партада отырған оқушыға демалыста керек деп бүгін №55орта мектеп оқушыларымен бірге арнайы суға шомылуға бардық. Бұл күн оқушыларға өте қуаныш сыйлады. Күннің жылылығы да бізге жақсы әсер қалдырды. Балалармен өткізген әр күн қуанышты күн болып есептеледі. Аквопарк өте керемет әсерін қалдырды. Балалармен бірге жүру де ойын күлкіге толы ғой қашанда. Балалардың ізгі ниеттері мектептің әлеуметтік педагогы Айнұр Джамбуловнаға және мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Балаларға бақыт сыйлау бір бақыт.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны