Тақырыбы: "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты іс-шарасы

Күні: 01.10.2024 ж.

Іс-шара: Бүгін 43 ҚББМО мен Астана қаласы әкімдігінің "ОКЖ" 10 бөлімшесі бірігіп "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны 43 ҚББМО директоры Руслан Манарбек ұлы құттықтау сөзімен ашып, қарияларға жақсы тілектерін білдірді. Кездесуге ауыл қариялары қонаққа шақырылып, мектеп оқушылары қонақтарға ән,күй,жыр шашуларын арнады.Кездесу барысында Әсел Кайыркенкызы қонақтарға құрмет көрсетіп, оқушыларға қызықты мәліметтерді берді. Ата-әжелер оқушыларға үлгілі, өнегелі әңгімелер мен ақылдарын айтып,баталарын берді.
Мақсаты: Жас ұрпақты үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

№43 ҚББМО мектеп ұстаздары мен оқушылары “Ұстаздар мерекесіне” орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Республикалық “Даналық ұстаздан” челленджіне қатысты.

Тақырыбы: «Мен оқыған кітап» жобасы

Күні: Қыркүйек айы 2024 ж.

Іс-шара: «Мен оқыған кітап» жобасында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарына жарнама ретінде бейнеролик түсіріп,әлеуметтік желілерге жарияланады.
Мақсаты: Оқушылардың оқуға қызығушылығын әлеуметтік желіні пайдалана отырып арттыру.

27 қыркүйек күні №43 ҚББ мектеп-орталығында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы аясында «Қиындықтарды жеңу үшін балаға қолдау көрсету!» атты бірыңғай Ашық есік күні өтті. Мақсаты: Баланың өз эмоцияларын және реакцияларын дұрыс басқаруға көмектесу; ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуілділік мінез –құлық қауіпнің алдын алу жолдарын дамыту.
Ашық есік күні 5 кеңес беру аймағы жұмыс істеді.

25 қыркүйекте № 43 ҚББ мектеп-орталығында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.К.Саттыбаева әлеуметтік педагог Турлыбекова Г.Х., педагог-психолог Сапарғалиева А.Б., Әкелер кеңесінің жетекшісі Г.Т.Хабдулин, ТАӘД педагог-ұйымдастырушысы Б.Т.Раймбеков мектеп инспекторы А.Алходжаевамен бірлесіп «Профилактика кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар - болашақ ұрпаққа қамқорлық»мектеп инспекторы А. Алходжаевамен бірлесіп «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу - болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсету» тақырыбында 7-10 сыныбының ұлдарымен ақпараттық-профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны