Спорт – денсаулық кепілі. Спортты жастайынан жанына серік еткен мектебіміздің жалынды жас спортшылары әрбір жарысқа жоғары дайындықпен қатысып, мектебіміздің беделін аспандатып келеді.
ІІІ қалалық мектеп оқушылары арасындағы дойбы турнирі өтті.

29.11.2017 күні 74 мектеп-гимназиясында "Астана ұландары" кадет сыныбының ант қабылдау рәсімі болып өтті. Арнайы келген қонақ ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты , Халық қаһарманы, генерал-лейтенат Ертаев Бақытжан Ертайұлы жас ұландарға сәт сапар тіледі...

Республикалық «Алтын ұрпақ тынысы»
2017 жылдың 1 желтоқсанында «Алтын ұрпақ» өндірістік білім беру орталығы ұйымдастырған Республикалық «Алтын ұрпақ тынысы» атты шығармашылық мәнерлеп оқу байқауының бағдарламасында Ғабиден Мұстафиннің туған күніне орай Астана қаласы №8 орта мектептен бастауыш сынып мұғалімі С.А.Сексенбаева 4 «Б» сынып оқушылары Жаннұр Айтмұханбетті, Ердәулет Шүкірді, Шыңғыс Есенғазиевті ,АЯЖАН Бақытбекқызын, 4 «Ә» сынып оқушысы Мадина Толымбетованы мәнерлеп оқу сайысына қатыстырып, оқушылар І, ІІІ дәрежелі дипломдармен,мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды.

«Табысты сабақтар» атты 1-4 сыныптар арасында онкүндік өтті. Онкүндікте бастауыш сынып мұғалімдері шебер сабақтар көрсетіп, тәжірибе бөлісті. Барлық сабақтар жаңаша мазмұнда өтіп, тіпті жас мамандарымыз, 3 «и» сыныбы мұғалімі Айдар Әлия Болатқызы мен 4 «а» сынып мұғалімі Сабыр Ақбота Дәуренқызы да тәжірибелі ұстаздардан қалыспады. Оқушыларымызды жігерлендіретін сәтті сабақтар, тиімді әдістер жетістіктер әкелетініне сенімдіміз.

Жексенбілік демалысқа қарамай 1 «а» және 1«б» сынып ұстаздары Садық Балжан Бақтиярқызы мен Досханова Аида Мұратовна ата-аналарының қолдауымен 1-сыныптарды жексенбілік демалысқа шығарды. Жастары кішкентай болса да оқушыларымыз мұражайлар мен кинотеатрларға баруды ұнатады. Отан отбасынан басталады.
Құрметті ата-аналар, сіздерге оқушыларды жан-жақты дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін мың алғыс

Бүгін 2017 жылдың 30 қараша күні №61 орта мектебінде 5 «Ғ», 6 «Г», 9 «Ә» сыныптарының ұйымдастыруымен 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел перзенті» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында 5-сынып оқушыларының орындауында Елбасыға арналған әдеби монтаж оқылды. Әдеби монтажбен басталған шарамыз потриоттық әндермен жалғасын тауып, шығармашыл оқушыларымыздың өлең жырларымен толықты.

Елбасының өмір жолынан деректер келтіріліп, «Рухани жаңғыру» тақырыбына байланысты бейнежазба көрсетілді. Шарамыздың соңын Анар Жапарқұлованың сөзіне жазылған Ержан Серікбаевтің әні «Жаса Қазақстан» әні аяқтады.

28 қараша күні №3 мектеп - гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімдері Құсманова Н.Л және Сейлбаева Р.К. мектепте өтіп жатқан қазақ тілі онкүндігі аясында және 1- желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне орай 4 «В» және 4 «Г» сыныптарымен ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейінде саяхат сабағын өткізді. Саяхат сабақтың басты мақсаты:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
30 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абуова Зауре Казбековнаның басшылығымен 8 «Б» сынып оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – елімен бірге» тақырыбында әдеби – музыкалық композициясын өткізді.
30 қараша күні №3 мектеп – гимназиясында 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне және Астана қаласының 20 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сыздықова С.С, Макишева З.М. және тарих пәні мұғалімі Алатаева А.К. басшылығымен «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш өтті. Кеш барысында Қазақ тарихының ақтаңдақ беттері ақтарылды. Ақтабан болып шұбырып, Алқакөл болып сұлаған заманнан бастап, «Бесеуге» хат жазғызған Голощекин тұсындағы Қазақ зиялыларының кешкен нәубеті, 1941 – 1945 жылдарғы адамзат қолымен жасалған қастандық, 1986 жылдың желтоқсанында «мұзға жағылған алау» қасіреті - бүгінгі күнге жетер жолдың қаншалықты ауыр болғанын еске салып қана қоймай, қымбат екенін тағы бір мәрте сездіргендей. Кеш жоғары деңгейде өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны