«Шаттық 2018» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының байқауы – жас таланттарды жаңа белестерге талпындыруда. Сондай таланттардың бірі мектебіміздің мақтанышына айналып үлгерген – 4 «Ә» сынып оқушысы Ғалымжан Әльазиза. Әльазиза халық әндерін орындауда қола медальға ие болса, «Инструменталды жанр» бағытында жетігенде ойнап, алтын медальды қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!

5 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ХІ қалалық педагогикалық олимпиадасына мектебімізден қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Тлейхан Мəншүк қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Тлейхан Мәншүк өз есімін батыр Мəншүк рөлімен сомдап, ұстаз Мəншүкті білім кеңістігіндегі жаңаша, ұшқыр ойларымен көрсете білді. Астана қаласының 20 - ға жуық мектептерінен қатысқан жас мамандарының ішінен жүзден жүйрік атанды. Жас маман Тлейхан Мәншүкті жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

2018 жылдың 18 сәуір күні оқушылардың патриоттық сезімін ояту, азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы жайында КАЗГЮУ университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, майор Ринат Жумабекұлымен заң факультетінің әскери кафедра бөлімінде білім алып жүрген студенттерімен шеберлік сабағы өтті.

Астана қаласы № 48 мектеп лицейінде сәуір айының 03.04-14.04.2018 жұлдызы аралығында жаратылыстану пәндерінің «Білім беру жүйесін жаңғырту- адам капиталының сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында пән апталығы өтті. Апталық аясында мектептің география пәні мұғалімдері Сембина Н.Д. , Иманүсенов Н.А., биология пәнінің мұғалімі Шонова А.Қ. ұйымдастыруымен « Жаңғыру тетігі- жаңа маман даярлау» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен Еуразия Ұлттық Университетінің экономика және шаруашылық кафедрасының ғалым педагогтары : Мадиярова Д.М. э.ғ.д. профессор; Есенгелдинова Р.Ж. аға оқытушы ;Егізбаева Ж. Т. э. ғ. м. ;Ауезова З. Т. география ғылымының докторы, профессор; және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мұғалімі Джаманбаев З. Т. кездесу өтті. Шара барысында еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың « Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі 3- бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы пікір алысу болды.

№14 мектеп-гимназияcында 12-20 наурыз аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі өтті.

2018 жылғы 14 сәуір күні сегізінші және тоғызыншы сыныптар үшін пікірталастан көрсетілімді ойын өтті. Ойынның тақырыбы «Қазіргі уақыттағы қажетті мектеп формасы». Ойын соңында тілек білдіргендер үшін пікірталас үйірмесіне жазылуға мүмкіндік болды. 28 сәуір күні жаңадан бастап жүрген пікірталасшылар арасында директордың ауыспалы кубогына 8 сыныптар үшін турнир өткізіледі.
Астана қаласының 20-жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы қалалық ашық турнирі өтті
Сәуірдің 14 күні қалалық 4 сыныптар арсында өткен «Сөз мерген» олимпиадасынан 4 «Г» сынып оқушысы Алмасбекұлы Аллажар 2 орынға ие болды.
Швецияның Стокгольм қаласында хоккейден өткен халықаралық турнирде «Барыс» 2002 командасы жеңіске жетті. Жеңісті жолға бастаған мектебіміздің мақтаныштары 10 «А» сынып оқушысы Топаш Бексұлтанды, 10 «В» сынып оқушысы Сулейменов Абылайханды және 9 «Б» сынып оқушысы Риттингер Всеволодты құттықтаймыз. Жеңісті сәттеріңіз көп болсын.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны