<p>2018 жылдың 15 мамыр күні Астана қаласының № 61 орта мектебінде Республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы аясында ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселелдер «Жыл табысы» №61 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктері тақырыбындағы мониторинг жұмысының қорытындысымен, «мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру», 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары, мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту» туралы мектеп директоры Жангазакова Кенжеш Апсеитовна таныстырды.</p>
<p>2018 жылдың 9 сәуір айында басталған қалалық Шаттық – 2018 байқауы өз мәресіне жетті. Астана қаласы №61 орта мектебінің оқушылары бұл байқауға «Хор», «Вокал», «Хореография», «Бейнелеу өнері», «Киім дизайны», «Аспапты» жанрлары бойынша қатысқан болатын. Нәтижесінде «Вокал» жанры бойынша Сыздыкова Сабина «Алтын медаль» иегері атанды. Жетекшісі музыка пән мұғалімі Алтай Берікболға алғыс айтамыз.</p><p>Басқа жанрлар бойынша қатысушыларымыз дипломант атанды. Фестивальдің қорытынды мерекелік шарасы астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында 18 мамыр күні болып өтті.</p>
2018 ж. 14 мамыр және 18 мамыр аралығында Астана қ. 10 сынып оқушылары арасында оқу-дала жиыны өтті. Оқушылар Қырықыншы к. десанттық- шабуылдау бригадасының 68665 әскери бөлімінде болды; мерзімзі қызметтегі әскери қызметкерлердің тұрмысымен, өмірімен танысты. №3 мектеп-гимнзиясының 10 сыныптарының жасөспірімдері 3-ші оқу рота құрамында, 12 оқу рота арасынан, ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Г.К.Камышев
Робототехникадан өткен Республикалық «Kazakhstan robotics challenge» сайысында мектебіміздің оқушылары Калинкин Виталий ,мен Волков Николай 1 орынға ие болса, Ракутин Александр мен Куклин Илья 3 орынға ие болды. Жетекшілері: Шанбаев А.К. , Козина О.В. Құттықтаймыз!
22 мамыр күні мектеп ауласында 4 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өткізілді. Саптүзеу барысында оқуда, қоғамдық істерде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. 1 – ауысымның қорытындасы бойынша үздік сынып кубогы 4 «Ә» сыныбына табысталды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ХІХ республикалық Абай оқулары қалалық кезеңінің «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом мен 5000 тг сертификатқа ие болған 9 «А» сынып оқушысы Омар Рашиданы және жетекшісі Асанова Ләззат Қуанышқызын құттықтаймыз!
18 мамыр күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары «Двадцатилетие становление органов по делам государственной службы» бірыңғай сағат видеоконференциясына қатысты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны