«Алтын белгi» озаттық белгісінің иегерлері, біздің түлектерді құттықтаймыз: Советова Торғын, Сауекенова Аружан, Салыкова Эльмира. 14 маусым күні салтанатты жағдайда оларды Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев табыстады.

Қас қағым сәттей болып зулап өткен он күндік лагеріміз де өз мәресіне жетті. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына балалар мен тәрбиешілер тиянақты дайындалып, күнімізді ерекше көңіл-күйде бастадық. Күнделікті таңғы жаттығулар мен пайдалы астан соң, балалар елеулі оқиғалар мен ерекше бағдарламаларды естеріне алып, қағаз бетіне түсірді. Өздерінің салған суреттерін жинақтап постер жасап, бастауыш бөлімнің арнайы тақтасына ілген балалар назарына фото суреттер де ұсынылды. Көрмедегі суреттер мен фотоларды тамашалауға жиналған бүлдіршіндерге арнап, шағын музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Әр топ арасынан шыққан бишілер мен әншілер ортаға шығып мың бұрала билеп, ән салды.

«Балауса-2018ж» жазғы лагерінің жабылу салтанаты мектеп ауласында ерекше сән-салтанаты мен ойын-сауықты бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Әр топқа өз ерекшелігіне сай мадақтама беріліп, алғыс жарияланды. Көңілді ертегі кейіпкерлері қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен естеліктер таратып, би билетіп, ойындар ойнатты. Балаларының демалыс кезеңін ерекше көңілді ұйымдастыра білген ұжымға риза болған ата-аналар өз тарапынан ілтипат білдіріп, алғыс хат ұсынды.
Сонымен қатар, Щучинск аумағында орналасқан «Discovery-Borovoe» жазғы лагеріне аттанған демалушыларымыз да үйлеріне ерекше көңіл-күйде оралды. Жайлы орта, сұлу табиғат пен көңілді отрядтарда демалып келеген балаларды туыстарымен бірге мектебіміздің әлеуметтік педагогы қарсы алды.

14.06.2018ж. «Балауса» лагері әсем қаламыз Астананың көркем жерлерін тамашалауға аттанды. 20 жылдық мерекесін атап өткелі отырған, ерекше сәулетіне сән-салтанаты жарасқан қаламыздың ең көркем жерлеріне бастаған экскурсия жетекшілері әр ғимараттың қызметі мен тарихын қызықтыра баяндады. Қаламыздың мәдени, тарихи, саяси маңызы бар ғимараттарымен танысып, жасыл желек саябақтарына серуен жасау балалар үшін өте қызықты болды. Күнделікті өмірде көріп жүрген ғимараттар мен ескерткіштер туралы тың ақпараттар біліп, тіпті аңызға толы оқиғаларды ұйып тыңдаған балалар қаламызды жаңа қырынан тани білді. Түрлі мемлекет басшылары тарту еткен ескерткіштер мен су бұрқақтардың мәнін танып, қаламыздың он жылдық мерекесіне орай ашылған орталықтарды аралап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

2018 жылдың 12 маусым күні №3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларына орта мектепті бітіргендігі туралы куәлік салтанатты түрде табыс етілді.
Бүгінгі жоспар бойынша балалармен «Жастар сарайына» бардық.
Бүгінгі күннің тақырыбы «Эстафеталық ойындар» болды.
9 сыныпты бітірген 210 оқушыларға негізгі орта білім туралы аттестат алу салтанатты рәсімі өтті. 11 оқушы қызыл аттестат иеленді. Рәсімге ата-аналар келіп, түлектеріміз өнерлерін көрсетті.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі 2018-2019 оқу жылында 8-сыныптар үшін-25 орын, 10-сыныптар үшін-20 орын, 11-сыныптар үшін – 15 орынға конкурс жариялайды. Аталған сыныптарға қабылданғысы келген оқушылар 14-тамызға дейін 50-18-01 нөмеріне хабарласып немесе мектеп сайтына онлайн тіркелулері қажет. Қабылдау емтиханы 15-тамыз күні, сағат 9:00-де математика пәнінен жазба жұмысы түрінде алынады. Мектепке түскісі келетін оқушылардың оқу үлгеріміне (үздік) және олимпиада жеңімпаздарына басымдық беріледі.

Қосымша сұрақтар бойынша: 50-18-01

Сарыарқа-20

13.06.2018ж. «Балауса» лагерінің қатысушылары «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады. «Нұр Әлем» сферасына саяхат жасап, энергия көзінің мүмкіндіктерін тереңірек тануға мүмкіндік алды. Жаңа, зәулім ғимараттар мен көк желкен саябақтардың сұлулығын биіктіктен тамашалауға мүмкіндік алған балаларға, 20-жылдық туылған күнін атап өткелі отырған елордамыздың жетістіктері жайлы да ақпарат берілді. Экскурсия жетекшілері лагерь қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, терең мағлұмат жинауға шақырды. Мәселен, қуат көздерін танып білуге, халқаралық көрменің ерекшелігін зерттеуге жол берерлік сілтемелер де жасап өтті. Саяхат соңында балалар естелік суретке түсіп, көрмені неше рет тамашаласаң да, әр келген сайын жаңа қырынан тануға болатындығына көз жеткізгендіктерін айтып, алғыс білдірді. Әлбетте, бұл өзіндік ерекшеліктері мол, заманауи жабдықтары мен жаңашылдығының арқасында кез-келген адамды таң қалдырарлық көрме, ол қаламыздың әсемдігіне өзіндік сән қосушы ерекше орталық екені даусыз.

12.06.-13.06.18 жылы «Айбынды маусым 2018» әскери-спорт жазғы сауықтыру лагері шеңберінде 1 маусым аяқталуына орай ән мен сап байқауы, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Жарыстар қорытындысы бойынша №3 мектеп-гимназия оқушылары әскери эстафетасы бойынша IV-орын, ән мен сап байқауында II-орын, Астана қ. мектептері арасында жалпыкомандалық III-орынды иеленді. Жетекші: Г.К. Камышев
12 маусым күні «Күншуақ» балалар лагерінің бүлдіршіндері қуыршақ театрының қойылымын тамашалады. Сондай ақ, Өрт қауіпсіздігі мұражайында экскурсияда болды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны