<h4 style="text-align:justify;"> Мектебімізде Астана қаласының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Сапта жүру және ән айту» байқауы өтті. Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулитын бұл шараның маңызы өте зор. Байқау нәтижесінде 4-6 сыныптар арасында І орынды 5 «Ә» сыныбы жеңіп алды. 6 «Б» сынып оқушысы Тұяқбай Дамир «Үздік командир» атағына лайық деп танылды. </h4>
5 мамыр №81 Astana English school мамандандырылған гимназиясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 1 "Б" сынып әкелері мен ұлдары арасында "Әкем және мен" эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа Мұратовтар, Сақыпадиндер, Сәрсенбаевтар, Бакеновтар, Қабиболовтар отбасы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Мұратовтар отбасы, 1 - орынды Сақыпадиндер отбасы, 2- орынды Бакеновтар отбасы, 3- орынды Бакеновтар және Қабиболовтар отбасы иеленді. Сайыс өте қызықты өтті. Сайысты ұйымдастырған сынып жетекшісі <a class="profileLink" href="https://www.facebook.com/profile.php?id=100015067028114&fref=mentions">Сагат Айдарбекова</a> Әбзелқызына алғыс білдіреміз.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 4 мамыр күні №81 "Astana English school мамандандырылған гимназиясында" Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. «Жас ұландар» мен «Жас қырандар» құрамына жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар, мектептің үздік оқушылары қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына,<span class="text_exposed_show"> Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады. Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы, мектеп әкімшілігі, ұлағатты ұстаздар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Құрмет қарауыл ротасының взвод командирі, лейтенант Асқар Сырлыбаев және Ұлттық Ұлан солдаттары табыстады. Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!</span>
Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Жеңіс жол -Ұлы жол» атты ардагерлерге арналған кездесу
2018 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінде, Есіл ауданы мектептері арасында Жас құтқарушыларжасақтары арасында байқауы өткізілді.
<p>мектебімізде 1-11 сынып аралығында өзін-өзі тану: Маxаббат пен шығармашылық педагогикасы аясында сабақтар жүргізілді.</p>
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны