Мектебімізде 1-15 маусым аралығында мектеп жанындағы сауықтыру алаңы жұмыс істеді. Сауықтыру алаңына 1-4-сынып оқушылары қатысты.
Бүгін лагерьде жоспар бойынша « Лагерь Ханзадасы мен Ханшайымы» атты іс – шара өткізілді.

ІІ маусымның ашылуына орай өткізілген салтанатты жиын лагерь басшысы Кажуева Айслу Хайргелдіқызының құттықтау сөзімен басталды. Ашылу салтанатына орай ҚР Әнұраны орындалды. Оқушылардың музыкалық сәлемінен соң, ІІ маусым лагерінің жоспарымен таныстырылды. Атап айтқанда «Спорт – денсаулық кепілі» - әртүрлі спорттық жарыстар, «Көңілді әуен толқынында» атты флешмоб байқауы, «Туған жерім – табиғаттың қандай көркем» - асфальтқа сурет салу іс-шаралары өтеді. Сауықтыру – демалыс лагеріне барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер мен тәлімгерлер де өте жауапкершілікпен жұмыс жасайды. Салтанатты жиын күмбірлеген күй мен әсем әнге ұласты.

«Күншуақ» балалар лагерінде 2 маусым басталды. Күніміз таңғы жаттығу жасаудан басталды. Кейін кинотеатрда 3Д форматында мультфильм тамашаладық. Спортпен айналыстық, ағылшын тілімізді жетілдірдік. Күніміз көңілді өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Жаз бояулары» атты асфальтта сурет салу байқауына белсене қатысқан №3 мектеп – гимназиясының «Достық» командасын құттықтаймыз!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Жарқын өмір» фотобайқауында «Көңілді топ» номинациясына ие болған «Күншуақ» лагерінің бүлдіршіндері мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Астана қаласы Білім басқармасы №68 орта мектеп Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде "Білім беру ұйымдарында және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ереже талаптарына сай №68 орта мектеп қамқоршылық кеңесін жаңа құрамын сайланатынын хабарлайды.
Мектеп оқушылары формасын тігумен айналысатын отандық өндірушілер туралы ақпарат
Ауруды емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!

Жазғы балалар демалыс лагерін қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру оқушылар үшін пайдалы. Демалысты оқушылар асыға күтеді. Балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, тәрбиелеу мақсатында «Қарақшылар» күні белгіленіп, «Алтын қазына» іздеу ойыны өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен «қазынаны» іздеп, карта бойынша жүрді. Балалар дене қимылдарын жетілдіре отырып, бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке үйренді. Ойын кезінде көңілді музыка қойылды. Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа үйренді. Лагердегі жасырылған «қазынаны» «Бәйтерек», «Қошақан» тобы бірден тапса, уақыт өте басқа топтар да тауып алды.

2018 жылдың 15 маусым күні №3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларына мектепті бітіргендігі туралы аттестат салтанатты түрде табыс етілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны