Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астана қаласы Гуманитарлық колледжі «Жастар және ғылым. Жаңашылдық. Ой. Ізденіс» конференциясында

2014  жылдың 16 сәуірінде Астана қаласы Гуманитарлық колледжі «Жастар және ғылым. Жаңашылдық. Ой. Ізденіс» атты техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері үшін XII қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

     Студенттер өмірінде елеулі орын алатын жыл сайынғы бұл конференция биыл он екінші жыл өтуде. Конференция  жастардың ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-қолөнер жұмыстарын белсендіру бағытындағы дәстүрлі форумды жалғастыруда. Студенттердің конференцияға ұсынған ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі студенттердің ғылыми қоғамға қатысуымен тығыз байланысты.

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қаз ГЗУ университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы, ТжКБ мекемелерінің оқытушылары конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады және секция жұмыстарына  басшылық етті. 

Конференцияға қатысуға колледждер арасында 172 студенттен тапсырыс келіп түсті: медициналық колледж,  көлік және коммуникация колледжі, сауда-экономикалық колледжі, экономикажәнетамақ өнімдерін стандарттау колледжі,гуманитарлық колледж,  экономика және қаржы колледжі, ЕАГИ колледжі, ҚазГЗУ колледжі, инновациялық технологиялар, т.б.

            Пленарлық отырыста колледж директоры Ә.Жүсіпов сөз сөйлеп, қонақтармен таныстырды. Конференцияға Астана қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлауды даярлау бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жукенова Бағлан Берденқызы қатысты, негізгі баяндамашылар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кертаева Ғалиябану  Махметқызы мен  Қазақ гуманитарлық заң университетінің мұражай директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Медешева Изатхан Белғожақызы Елбасы Жолдауындағы басты тапсырмаларға тоқтала келіп, студенттердің ғылымға, білімге, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыратын келелі әлемдік даму мәселелері, жастардың әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері, студенттік өмір, мәдени қарым-қатынас және тілді дамыту мәселелері талқыланды, және жеке секциялық жұмыстарда қарастырғанда төмендегідей:

  • Қазақстанның әлеуметтік саясаттағы жаңа принциптері;
  • Жаңа қазақстандық патриотизм – қоғам жетістігінің негізі;
  • Жеке тұлғаның рухани және тұлғалық даму интеграциясы;
  • Болашақ мамандықтың ахуалы;
  • Кәсіби дамудың технологиясы;
  • 2050 стратегиясы: Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыты. 

Студенттердің конференциясы барысында болашақ кәсіби, тәрбиелік бағытты дамытуға мүмкіндік туғызатын «Астана жастары – қаламыздың  мақтанышы» тақырыбында минуттық фильм байқауы ұйымдастырылды. Жүлделі орындарға ие болған студенттер дипломдармен марапатталды.


  

  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"