2014 жылдың 21 ақпанында №1 Оңалту орталығында «Оңалту орталығы жағдайында аутистік бұзылысы бар баланы түзете қолдау» атты өзекті мәселе бойынша семинар өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар –Білім басқармасының әдістемелік кабинеті. Семинардың жұмысына Білім басқармасының әдіскері А. Амерханова, білім мекемелерінің дефектологтары, логопедтері және психологтар мен қатар әлеуметтік қорғау мамандары қатысты.
Семинарда аутизм балаларын логопедиялық қолдау бойынша (логопед Кунуспаева В.А.); балалардың сенсорлық дамуы бойынша (педагог-дефектолог Букабаева Ж.М.) Оңалту орталығы педагогтарының тәжірибелері көрсетілді. Сондай-ақ аутизм балаларды командалық бағалауы ұсынылды (педагог-дефектолог Зейб О.И.). Семинарға қатысушыларға нақты практикалық жағдаятты талқылауға, аутист баланың тәртібін және қайталанба іскерлікті өзгерте түсіндіре бірлесе ойнап, оған жеке дамыту бағарлама құруға мүмкіндік берілді.
Әріптестер Оңалту орталығының қызметкерлерінің педагогикалық іскерліктерін тиімді және пайдалы деп жоғары бағалады. Семинарға қатысушылар күрделі санатқа жататын балаларға қатысы бар семинарларды жиі өткізу туралы тілек білдірді.
Семинарды Астана қаласының Білім басқармасының әдіскері Амарханова А.Ш. осы семинардың өзектілігін: « Аутизм балалардың санының өсуі өзекті мәселе ретінде назар аудартады. Барлық әлемде аутизм баламен жұмыс жүргізу – қазіргі таңдағы арнайы педагогикады ең күрделі деп мойындалған. Аутизм балаларға жеке көмек керек, себебі өзінің мүмкіндік жағдайынан баланы ұйымдастыруға болады. Бүгін біз оңалту орталықта аутизм балаға жеке оң жағымды көмек көрсетілетінін көрдік»- деп қорытындылады.
Оңалту орталығы мамандарының педагогикалық тәжірибелері Астана қ біліктілікті арттыру институтының Ғылыми кеңесіне ұсыну туралы мінездеме берілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"