Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астана қаласы психологтарының қалалық семинары өтті

2014 жылдың 12 ақпанында №69 мектеп-гимназиясында Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш, заңгер Абдыкалыкова М.Ж, модератор Ахметова А.Б қатысуымен педагог-психологтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында мектеп психологтарына қалалық ашық сабақ ұйымдастырылды. Аталған шараға қала мектептерінің психологтары және №69 МГ мұғалімдері қатысты. 

         Ашық сабақ барысында №69 МГ педагог-психологі Омарова Шолпан Сембаевна 10-сынып оқушыларымен «Бақыт сыры» тақырыбында психологиялық аралас сабағын өткізді.

Сабақтың біліктілік  мақсаты «Бақыт» құндылығы туралы ұғымдарын тереңдету, шығармашылықпен жұмыс істеу әдісі.

Дамытушылық мақсаты: Бақытты сезіне білуге, біреуге сыйлай білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге ықпал жасау, адамгершілік құндылықтарды ескеру.

Сабақ 4 бөлімнен тұрды.

     I-бөлім.   Психологиялық дайындық

Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.

«Жан»есімді қыз туралы аңыз әңгімеден және Бақытын іздеп жүрген жігіт туралы сахналық көрініс арқылы психологиялық дайындықпен басталды. Психолог сабақта ұйымдастырушы-көмекші рөлінде атқарды, тапсырмалар мен сұрақтар беріп отырды, бағыттап, түзетіп, кеңестер мен ұсыныстар беріп отырды.

     II- бөлім.  Топпен жұмыс

Мақсаты:  Топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа үйрету

Оқушылар түрлі- түсті фигуралар алу арқылы 3 орталыққа бөлініп, бірлесіп жұмыс істеді.   Олар «Ойлау орталығы», «Зерттеу орталығы», «Өнер орталығы». Әр орталық өздерінің аттарына сай жұмыс істей білді.

Ойлау орталығы – бақытқа барар жолды анықтап берсе,

Зерттеу орталығы – бақытқа жеткен адамды зерттеді.

Өнер орталығы – бақытқа барар жолды сурет арқылы жеткізді.

Оқушылардың ой, қиялы ұштасып тақырыпты кеңінен ашып берді.

III- бөлім. Шығармашылық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық арқылы ой- қиялын, логикалық ойлауын дамыту.

Сынып 5 топқа бөлініп тақырыптық тапсырмалар берілді.

Барлық топ шығармашылық жұмыстары аяқталғаннан кейін үлкен таза ватманға өз тапсырмаларын жапсыру арқылы  бақыт елі бейнесін жасап шығарды.

IV- көңіл- күй картасы арқылы өз әсерлерімен бөлісті.

Балалармен жұмыста жаңашылдық, стандартты емес жұмыс түрлері ерекше аталып өтті. Балалар өздерін еркін ұстай біледі, пікірлерін ашық айтады, өз-өздеріне сенімді. Сабақтың ұтымдылығы педагог-психолог маманның оқушыларды өз бетімен ойлай білуге жетелеп, интеллектуалды  белсенділіктерін дамытуда болды. Сабақты талдау барысында әріптестер өз пікірлерімен бөлісіп, өздеріне көп әсер алғанын айта отырып, сабақты өте жоғары деңгейде бағалады.

  

  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"