Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мектепке саяхатқа барамыз» атты психологиялық ашық сабақ өтті

2014 жылдың 19 ақпан күні №32 «Балдәурен» балабашасының  педагог-психологы Шонтыбаева Айжан Нұрмұхамбетқызы «Мектепке саяхатқа барамыз» атты психологиялық ашық сабақ жүргізді.
Педагог-психолог Шонтыбаева Айжан Нұрмұхамбетқызы өз сабағында психологиялық сабақ құрылымын сақтай отыра, ұйымдастыру-ынталандыру кезеңінде  «Шеңбер бойынша беру» атты амандасу рәсімімен бастады.  Сабақтың  басында «амандасу» рәсімі топ ішінде  эмоционалды жағымды жағдай жасауға ықпал етті.
Балаларды мектеп өміріне енгізу мақсатымен «Біз бірінші сынып оқушысымыз» атты жаттығуды жасаған кезде, балалар көздерін жұмып, өздерін бірінші сынып оқушысы екенін сезінді. Мектеп есігін ашып, сабаққа қоңырау шылдырлағанда көздерін ашып, өздерін оқушы сезініп, мектеп ережелерін қайталап, сабаққа кірісіп кетті.  
Сабақтың негізгі кезеңін - балаларды жүйелеуге, топтастыру іскерліктерін, логикалық және зейіндерін дамытуға арналған «Төртінші артық» ойынымен жалғастырды. Балалар интерактивтік тақтада артық суретті тауып, қаламмен белгілеп, қалған суреттерді қасиеттері бойынша біріктіріп, бір сөзбен атады.
Сабақта балаларды ұйымдастырудың әр түрлері  қолданылды. Балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін«Заттарды салмағына қарай белгіле» атты жаттығуды балалар жұптасып орындады. Бұл тапсырмада балалар бір-бірімен келісіп, кім қай тапсырманы орындайтынын шешіп алды.
Айжан Нұрмұхамбетқызы сабақта балаларды қызықтырып, ойын-жаттығуларын түрлендіріп қолданды. «Өз орныңды тап» - кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырма балаларды қатты қызықтырды. Сонымен қатар балалардың дұрыс тыныс алу іскерліктерін қалыптастыру, ойлау үрдістерін белсендіруге арнап  «Ыстық сүт» атты тыныс алу жаттығуы жүргізілді. Механикалық көру қабілетінің көмегімен есте сақтауын дамыту үшін «Есте сақта және суретті сал» жаттығуында әр бала өздерінің естерінде қалған символдарды параққа суреттеп салды.
Сабақ аяқталып жатқанда балалар өзін-өзі бағалап,  интерактивтік тақтадағы шеңберлерді бояп, «маған сабақ ұнады, мен барлық тапсырманы орындадым» деген түсті  білдіретін түстермен белгілеп бояды. 
Қорытынды кезеңінде   балалар көздерін жұмып, портфелдерін жинап, мұғаліммен, достарымен қоштасып, бүгінгі орындаған тапсырмалар туралы айтуға асығып, қуанып, үйлеріне келе жатыр. Ал қазір көзімізді ашайық, біз балабақшадамыз, деп өз сабағын аяқтады. Сабаққа қойылған  мақсатын толық орындады.
     


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное