Негізгі мақсаты: Қазақ халқының салты мен дәстүріне қызығушылықтарын жүйелеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Ұжымдағы қызметкерлер мен балалардың, сонымен қатар ата-аналардың эмоциялық бағыттарын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Ұжымдағы қызметкерлер мен балалар, сонымен қатар ата-аналар арасындағы мәдени ұйымшылдығын арттыру.
№ 65 «Бал бала» балабақшасында Наурыз мерекесін атап өтіп, мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге балалар, балабақша ұжымы, ата-аналар қатысты. Балабақша іші толығымен мерекеге орай әсемделді. Балалар шығармашылығының көрмесі және әр топтарда декоративті шығармашылық өнер бұрыштары ұйымдастырылды. Балабақша сырты әр түсті ленталармен безендірілген. Ересектер мен мектепалды даярлық топтарында «Қош келдің, Наурыз!», «Армысың, әз-Наурыз!» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін педагогтар қазақтың ұлттық салт дәстүрімен, ұлағатты мақал-мәтелдерін, өлең жырларын айтып, ұлттық ойындармен таныстырып, би билеп өнерлерін көрсетті. Наурыз мерекесі қарсаңында барлық іс-шараларға ата-аналар қатысып, мерекені атап өтуге белсенділік көрсетті. Наурыз мерекесіне көптеген қонақтар: Білім басқармасы, «Әділет» кәсіподақ ұйымы, Тілдерді дамыту басқармасынан келді. Іс-шараға балалар, балабақшаның барлық ұжымы және ата-аналар ат салысты. Наурыз мерекесі Қыдыр-атаның келуімен ашылды, одан кейін Абай, Ыбырай, Сәкен ауылдарын қарсы алумен басталды. Әр ауыл өздерін өлең шумақтармен, әндермен, мақал-мәтелдер, өз ауылдарында тұратын басқа ұлттардың (татарлар, өзбектер, ингуштар, ұйғырлар, тәжіктер) ұлттық тағамдарымен таныстырды. Мерекені қыздыра түскен ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету өз қызығымен есте қаларлықтай болды.
Мерекелік іс-шара ән-күй залында өткізілді, зал ұлттық стилде безендірілген, ұлттық ою-өрнектер, көктемгі гүлдер, залдың ең басты безендірілуі ұлттық киіз үй болды, киіз үйді әр түрлі кілемдер, домбыра және т.б. толықтырып тұрды. Мерекелік іс-шараны атап өту Қазақстан халқының дәстүрлі әндерімен, билерімен жалғасты. Тағамдардың ең бастысы, жеті түрлі тағамдардан құралған - Наурыз-көже болды. «Бесік той», «Келін түсіру», «Тұсау кесу» салт-дәстүрлері көрсетілді. Мереке қуанышты және қызықты өтті. Ауылдар арсындағы сайыс ұлттық нақыштағы ән – күй, жырмен және бидің ерекшелігін айқындай түсті. Халқымыздың әдет- ғұрыптарын берік сақтаған ұжым номинация бойынша марапатталды. Мереке соңында Қыдыр ата бата беріп, мереке салтанатты қуанышқа толы болды.
Ұлыстың ұлы күні салт-дәстүрлеріміздің халықтық, елдік қасиеттерін көрсететін үлкен тәрбиелік құрал. Бұл Ұлы мерекемізді ұлықтаудың басы деп білеміз. Осы той елдің елдігін көрсететін, бірлігімізді бекітетін көрініс. Наурыз- мемлекетті бекем ететін мейрам. Осындай берік мемлекетіміз мәңгі жасасын деп тілейміз.«Құтты болсын бесігің ,артық болып несібең...»
Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Қанеки, өзіңді сына да.
«Қыз ұзату салты ғой бұрынғының.....»
Ән мен күйді төгілтіп, інжу маржан шашайық! Жиналған жұрт таң қалсын ,биден шашу шашайық!
«Ыбырай » ауылы: Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы,
Күнен күнге көп болар.
«Сакен» ауылы: Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп елеңдетіп,
Астымда ақ боз атым сылаң сағым,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
«Абай» ауылы: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кей зауық,кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Ілесіп наурызбен көктем жетсін,
Көңілің үлкен-кіші көкке жетсін.
Еңсесі көтеріліп мына ұжым,
Қуаныш, бақыт құсы келе берсін!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"